Жарнама
Экология

Атыраудағы канал бойынан табылған өлі балықтарға тексеріс жүріп жатыр

6 тамыз күні  әлеуметтік желіде Атыраудағы каналдың бойынан өлі балықтардың видеосы тарады. Бұл мәселеге қатысты облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев telegram каналында пікір білдірді.

Облыс әкімінің орынбасары әлеуметтік желілерде тараған өлі балық видеосы бойынша мән-жайды анықтау мақсатында Атырау облысы бойынша экология департаментінің зертханалық бақылау бөлімінің мамандары “Атырау мұнай өңдеу зауыты” ЖШС-нің артқы жағында орналасқан “Атырау ЖЭС” АҚ-на тиесілі каналдан су сынамасын алғанын хабарлады.

“Алдын-ала болжамға сәйкес, күннің ыстығына байланысты канал суында оттегінің тапшылығы болуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, Жайық аузынан су алынатын құбырдың басына бірнеше тор қойылған, яғни балықтың өтуі мүмкін емес. 

Болжамға сәйкес, каналдың бойындағы балықтар сумен бірге өткен уылдырықтардан дамыған балық болуы мүмкін. Жағдай бақылауда. Қосымша мәліметтер жарияланатын болады”,- деп жазды Жасұлан Бисембиев.

Нұргүл Насыр

Фото-иллюстратив

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button