Экология
АТЫРАУДА ЖЫЛАНДАР ҮЙГЕ КІРІП ЖАТЫР…
Атыраулық құтқарушылар үйге кіріп кеткен жыланды ұстады.
5 маусым күні кешкі сағат 20.28-де Атырау қаласы Көктем ы/ауданы саяжай учаскесіндегі үйдің жылыту қазандығы орналасқан бөлмесіне жылан кіріп кеткені туралы қоңырау түсті.
Шақырту орнына жеткен құтқарушылар қолда бар құралдардың көмегімен жыланды ұстап алып, пластикалық шелекке салып, табиғи мекендеу ортасына жіберді.
Атырау облысы ТЖД азаматтарға келесіні есте сақтауға кеңес береді: жыландармен кездескен кезде орнында қалу керек, кенеттен қимылдамау және жүгірмеу керек. Жылан өздігіне кетіп қалу мүмкін.
Егер жылан адамды шағып алса, онда оны көлденең күйге келтіріп, тыныштықты қамтамасыз етіп, аяқ-қолын бекіту керек. Осыдан кейін медициналық мекемеге жеткізу керек.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы