Атырауда жағымсыз иіс тарады

ifo71141599xigvzvauyqowc3acd42ol1wk55lthx3 Экология

Атырау облысы бойынша Экология Департаменті  жағымсыз иіске байланысты атмосфералық ауа сапасына бақылау жасап, мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Талдау жүргізе келе, бүгінгі желдің бағыты солтүстік-батыстан, атмосфералық ауа температурасы +13С, қысым 756, ылғалдылық 73% және желдің жылдамдығы 10 м/с құрап, бұл бағытта Атырау қаласының оң жағында «Квадрат» булану алаңы орналасқандығы анықталды.

«Атмосфералық ауа сынамасы алынып, нәтижесінде, күкіртсутек ингредиентінен рұқсат етілген шекті шоғырланудан асу фактісі анықталған. Осыған байланысты, аталған фактілер бойынша заңмен көзделген шаралар алу үшін Атырау облысы санитарлық–эпидемиологиялық бақылау департаментіне хат жолданады», – деп хабарлады департамент мамандары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз