Атырауда ауа райы күрт өзгермек…

98a40ce48b8c7881bb2f885141970378 Экология

Синоптиктердің болжауынша, Атырау өңірінде 6 мамырда қатты жаңбыр мен найзағай күркірі күтілуде.

Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 17-22 м/с.            

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:

Қатты жел кезінде сақтық шаралары:

– көшеде қатты жел соқса, ғимараттар мен құрылыстарды паналау кажет;
– қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын тығылмаңыз, өйткені шатыр құлап кетуі мүмкін.
– жоғары қабаттың терезелерінен әйнек құлауы мүмкін;
– үзілген сымдарға жақындау да қауіпті;
– сонымен қатар билбордтардан, маңдайшалардан, жол белгілерінен, электр желілерінен аулақ болуыңыз керек.
– үлкен ағаштардың жанында болу қауіпті, сондай-ақ олардың жанында жел соғып тұрған автокөліктерді қою өте қауіпті болуы мүмкін.
– үйлердің барлық терезелері мықтап жабылып, құлап кетуі мүмкін балкондар мен лоджиялардан аулақ болу керек.

Д.Берденов, Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маманы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз