Атырауда тауық еттері жойылып жатыр
Атырауда Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмегендіктен, тонна жарым тауық етінен дайындалған өнім жойылды.
Бұған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жүргізген тексеру себеп болған. 108 сынаманың 40%-дан астамы жарамсыз екені анықталды.
«Макинск құс фабрикасы» ЖШС-нің бройлер-балапан етінен адам өміріне қауіп төндіретін бактериологиялық көрсеткіші табылды. Осыған байланысты ірі кәсіпкерлік субъектісі – «Метро Кэш энд Керри» ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру тағайындалды. Тексеру кезінде субъект тарапынан өнім сапасының талапқа сәйкес еместігі анықталып, сатылымдағы 1 тонна 597,65 келі бройлер тауық етін жою туралы санитарлық-эпидемиологиялық нұсқама берілді», — деп хабарлады қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
Өнім өртеу арқылы жойылды. Бұл іс-шараға Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қалалық ветеринарлық инспекция басқармаларының мамандары, сондай-ақ, «Метро Кэш энд Керри» ЖШС-нің сенімді өкілі қатысты.
Дереккөз: azh.kz