Қағаз қалдықтары қайта өңделуде

4cf6e47d 2105 4fa0 85ae 79773ff3a0c2 Экология

Соңғы уақытта атыраулық оқушылардың ерекше өнертапқыштық жобалар жасап шығарып жатқаны қуантады. Абай орталығы жанындағы «JasSpace» кеңістігіндегі «STEAM» курстарының өзінде мектеп оқушыларымен жүзеге асып жатқан бастамалар аз емес. Ғылым күні аясында біз жас дарындардың еңбегін үлгі етіп, насихаттауды жөн көрдік.

Жуырда оқушылар аталған кеңістікте қағаз қалдықтарын қайта өңдеу арқылы экологияны жақсартуға үлес қосуды қолға алды. Бір қызығы, қоқысқа тасталған қағаздарды қайта өңдеу идеясын курс қатысушылары ұстаздарына өздері ұсынған. Бастаманың туындауына балалардың интеграцияланған «ЭкоLAB» курсында білім алуы түрткі болса керек. Осылайша, олар қағаз қалдықтарынан түрлі канцеляриялық тауарлар жасап шығарып жатыр.

«ЭкоLAB» курсында білім алушылардың бірі Асылым Ізғали бізге аталған жоба туралы айтып берді.

657242c5 d8f4 4015 b951 d079f494a50f

-Мен былтырдан бері аталған кеңістікте қосымша білім алып, өзімді жан-жақты дамытып жүрмін. «ЭкоLAB» курсы ашылған кезде қатты қуандым. Себебі мені экологиялық бағыт қатты қызықтырды. Курстың түске дейінгі ауысымында 20-ға жуық оқушы білім алдық. Оқи жүріп, адамзаттың қоршаған ортаға күнделікті қаншама зиян келтіріп жатқанына көз жеткіздік. Оқушы болсақ та «біз экологияны жақсартуға қалай өз үлесімізді қоса аламыз?» деп ойландық. Сөйтіп, достарымызбен бірге қағаз қалдықтарын қайта өңдейміз деп шештік. Осылайша, өзіміз күнделікті білім алып жүрген «JasSpace» кеңістігіндегі қағаз қалдықтарын сорттап, жинап алдық, – деді ол.

Жас дарынның айтуынша, жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылған. «Бірінші кезеңде қағаздарды арнайы құрал көмегімен ұсақтадық.  Екіншісінде   ұсақталған қағаздарды сумен араластыра отырып, блендерде ұнтақтадық. Үшінші сәтте ұнтақталған шикізатты ақ матаның көмегімен сүзіп алып, контейнерге кептірдік. Кептіру процесінің өзі екі-үш күн уақытты алды. Төртінші кезеңде дайын болған шикізаттан кітаптарға арналған бетбелгі, конверттер жасап шығардық.  Түнгі уақытта бөлмеге  жарық беруге арналған шамды да жасадық» – дейді Асылым Ізбасарқызы.

5423c705 702f 44bf 937f a0eeca2f2888

Қалдықтықтарды қайта өңдеудің бұл жобасы қоршаған ортаны қорғауға арналған маңызды қадам. Оқушылардың осындай жобалары арқылы көпшілік арасында қорғашан ортаны қорғау мәдениеттілігі де қалыптасады. Бұл пікірді «ЭкоLAB» курсының тренері Нұргүл Имамұратова да қолдады.

-Зерттеулерге сүйенсек, әр адам ғұмыр бойына 20 тоннадай қоқыс тастайды. Ресми деректерде 2018 жылдың өзінде Қазақстанда 5 млрд. тоннадай қоқыс жиналғаны айтылады. Бұл көлем қазір көбеймесе, азаймағаны белгілі. Сол қоқыстың қайта өңделетіні 2-3 пайызы ғана екен. Сондықтан қоқыс сұрыптау мәдениетін өзімізден бастамасақ, әуелі өзіміздің кейіннен келер ұрпақтың денсаулығына қатер көп. Бүгінде облыс аумағында 2,5 миллион тоннадан астам қоқыс жатыр. Оқушыларым осындай жоба жасау арқылы экологиялық проблемаларға қоғамның назарын аударуды мақсат етті. Қағаздарды, жалпы қалдықтарды қайта өңдеу  –полигонға тасталатын қоқыстардың көлемін азайтады, энергияны үнемдейді. Парниктік газдардың шығынын азайтады, – дейді Нұргүл Имамұратова.  

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз