АТЫРАУДА ШҰҒЫЛ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ!
Атырау облысы бойынша дауылды ескерту жарияланды.
13-15 тамызда күндіз Атырау облысының шығысында 42 градусқа дейін ыстық күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Сондықтан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
— күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық ақ киім киюге тырысыңыз;
— алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;
— сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
— балаларды авто көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін;
— орманда жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын, бықсыған шүберектерді тастамаңыз;
— орманда майланған немесе бензин, керосин немесе өзге де жанғыш заттар сіңген сүрту материалдарын қалдырмаңыз.
Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сіздің өміріңізге қауіп төнгендей жағдай болса, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).
Өз тілшіміз