АТЫРАУДА 3,5 МИЛЛИОН БАҒАЛЫ ШАБАҚ ЖАЙЫҚҚА ЖІБЕРІЛДІ

871a6ec7 c003 4fbe bdbf 6870795e72b3 Экология

Бүгін, 6 тамыз күні Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытында қорытпа, бекіре, пілмай және шоқыр шабақтары Жайық өзеніне жіберілді. Жалпы саны 3,5 миллионды құрайды деп хабарлайды ATPress.kz

d78f6fa5 2a19 4e30 9204 d1aef555253e

Мұнда жұмыс таң атысымен қайнап жатыр. Алдымен, аталған зауыт қызметкерлері 16 тоғанда өсіріліп жатқан шабақтарды жағаға тартып шығарып, жинап алды. Содан соң әрқайсысын мамандар өз қолдарымен санап шықты. Салмақтарына дейін мұқият өлшеп алды. Бұның бәріне арнайы құрылған комиссия да көз жеткізді. Оның құрамына Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасы, жергілікті атқарушы органдар мен ғылыми орталық өкілдері кірді.

9fce807c f8da 41e9 808e 3ac904169e44

Осылайша, тоғандарда шамамен екі ай тіршілік еткен шабақтар Жайыққа жол тартты. Бір қызығы, бекіренің бес түрі де бір-біріне ұқсамайды. Өлшемдері де әртүрлі. Орташа алғанда, 7-47 грам аралығын құрайды.

d6fa56f5 49bc 44de bdf6 6fec9ba3e40b

– Бүгінгі шара – биылғы көктемде басталған балық өсіру жұмыстарының ақтық кезеңі, яғни, мәресі деп қарастыруға болады. Ең бірінші, аналық және аталық балықтар ауланып, олардан жасанды ұрықтандыру жолымен уылдырық алынды. Кейін шабақтар өсіп-жетілді. Міне, енді оларды Жайыққа жіберіп жатырмыз, – дейді Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының директоры Ғилыман Сәрсемалиев.

Ляззат САЛИМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз