Жарнама
Экология

Атырау облысының бас экологы тағайындалды

Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Бекмұхаметов Атырау облысы бойынша Экология департаментінің жаңа басшысы Асқар Жүсіповты таныстырды.

bb

Аталған департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асқар Болатұлы 1988 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданына қарасты Торғай ауылында дүниеге келген. Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2010 жылы Қостанай облысы Жангелдин аудандық Әділет басқармасында бастады.

Бүгінгі күнге дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Тағайындау рәсімі кезінде Әлібек Бекмұхаметов жаңа басшыға қызметіне табыс тілеп, Атырау облысының күрделі экологиялық мәселелерін шешуде қажырлы еңбек етуіне сенім білдірді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button