Жарнама
Экология

Атырауда санитарлық тазалық айлығы басталды!

Атырауда 16 сәуір мен 16 мамыр аралығы санитарлық тазалық айлығы болып жарияланғаны белгілі. Бүгін ертемен облыс орталығы мен аудандар бойынша сенбілік шаралары басталып кетті.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, облыс орталығында орналасқан Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Атырау облыстық су арнасы» секілді ірілі-ұсақты кәсіпорын ұжымдары қаланың оннан аса аумағын күл-қоқыстан тазартуға жұмылып жатыр.

Айта кеткен жөн, облыс әкімі Серік Шәпкеновтің өзі абаттандыру, жасыл-желекті күтіп ұстау, тазалықты сақтауға қатысты шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін ескерткен болатын. Сондай-ақ, ол қаланың сәулеттік келбетін жақсарту бойынша да жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма берді.

  • – Қысқы кезеңнен кейін саябақтарда, желекжолдар мен қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізу қажет. Осы мақсатта облыс көлемінде сенбілік өткізілсін. Оған барлық мекеме қызметкерлері мен облыс тұрғындары қатысып, өз үйіміздің тазалығына бірге атсалысайық, – деген еді аймақ басшысы.

Ендеше, бүгінгі сенбілік акциясынан өңірдің бірде-бір елдімекені тыс қалмауы қажет.

Ал, 16 мамырға дейін Атырау қаласы бойынша санитарлық тазалық айлығы өтеді. Облыс орталығының өзінде «Жасыл қала» шарасы аясында мыңнан астам көшет отырғызылады деген жоспар бар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button