ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІНДЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

466366 1432114115 Экология

Atr.kz/17 наурыз, 2019 жыл. Жайық өзенін ғылыми зерттеуге облыстық бюджеттен 80 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының хабарлауынша, аталған зерттеу көптеген проблемалық сауалдарға жауап беруі тиіс. – Біз қажетті біліктілігі және ғылыми базасы бар барлық тұлғалар қатыса алатын тендер жариялаймыз. Негізгі мақсат-Жайық және Қиғаш өзендерінің проблемалық мәселелерін зерттеу. Су қоймасының балық қорын қалай толықтырып, ұлғайтуға болады, ихтиофаунаны зерттеу, – деді А.Сәдібекұлы. Тендерге қазақстандық, сондай-ақ шетелдік ғылыми-зерттеу топтары қатыса алады. – Біздің су қоймаларын кешенді зерттеу жұмыстары таяу айларда басталуы тиіс. Және ол үш ай жалғасады, одан да ұзақ болуы мүмкін. Зерттеудің қорытындысымен барлық проблемалық мәселелер – экологиялық ахуал, ластану себептері, судың сапасы және басқа да мәселелер бойынша мамандардың ұсынымдарын алмақпыз, – деп атап өтті Артур Сәдібекұлы. – Бұл нақты ахуалдың көрінісін береді және Жайық өзенінің жай-күйін жақсарту бойынша іс-қимыл жоспарын жасауға көмектеседі. Аталған жұмыстар облыс әкімдігі мен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бастамасымен іске асырылады. Айта кетейік, бұндай ғылыми жұмыстар бізде соңғы 10 жылда жүргізілмеген екен.

Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының хабарлауынша, аталған зерттеу көптеген проблемалық сауалдарға жауап беруі тиіс.

IMG 20190317 WA0008

– Біз қажетті біліктілігі және ғылыми базасы бар барлық тұлғалар қатыса алатын тендер жариялаймыз. Негізгі мақсат – Жайық және Қиғаш өзендерінің проблемалық мәселелерін зерттеу. Су қоймасының балық қорын қалай толықтырып, ұлғайтуға болады, ихтиофаунаны зерттеу, – деді А.Сәдібекұлы. Тендерге қазақстандық, сондай-ақ шетелдік ғылыми-зерттеу топтары қатыса алады. – Біздің су қоймаларын кешенді зерттеу жұмыстары таяу айларда басталуы тиіс. Және ол үш ай жалғасады, одан да ұзақ болуы мүмкін. Зерттеудің қорытындысымен барлық проблемалық мәселелер – экологиялық ахуал, ластану себептері, судың сапасы және басқа да мәселелер бойынша мамандардың ұсынымдарын алмақпыз, – деп атап өтті Артур Сәдібекұлы.

– Бұл нақты ахуалдың көрінісін береді және Жайық өзенінің жай-күйін жақсарту бойынша іс-қимыл жоспарын жасауға көмектеседі. Аталған жұмыстар облыс әкімдігі мен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының бастамасымен іске асырылады.

Айта кетейік, бұндай ғылыми жұмыстар бізде соңғы 10 жылда жүргізілмеген екен.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз