dsc 0009

Атырауда масаны улау жұмыстарына 65 миллион теңге бөлінді

Жаңалықтар Экология

Atr.kz/11 наурыз, 2020 жыл. Бүгін бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2020 жылы қала бюджетінен қала көшелері мен үйлердің жертөлесін, су тоғандарын дезинфекциялау жұмыстарына 65 миллион теңге бөлінді. Биылғы тендер ақпанда жарияланып, қазір ұсыныстар қарастырылуда. Тендерде ұтқан мердігер 30 маусымға дейін тапсырылған жұмысты аяқтауы қажет. 1 шілдеден бастап бұл жұмыс мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы іске асырылады», – деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биолог-энтомолог мамандардың айтуынша, қансорғыштармен күрес жұмыстары  жылылық түспес бұрын ауа температурасы 0 градусты құраған кезде, яғни, наурыз айының 15-16-сында қолға алынуы тиіс. Бұл шаралар өткен жылы 30-сәуір күні тендер өткізілгеннен кейін мамыр айынан басталған. Еске сала кетсек, өткен жылы «AG Disinfection Services» ЖШС компаниясы масамен күрес жұмыстары үшін мемлекеттік сатып алу конкурсынан 130 млн теңге ұтып алған.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған