Жарнама
Экология

Атырау экологиясы: облыс әкімі жастармен, қоғам белсенділерімен ашық диалог өткізді

Облыс әкімі Серік Шәпкенов экология бағытындағы әлеуметтік ғылыми жобалармен танысты. Н.Балғымбаев атындағы даму және коммуникациялар орталығында өткен ашық диалог алаңында өңірдің ең өзекті мәселесі — экология тақырыбы, “Таза Қазақстан” бағдарламасының жүзеге асуы талқыланды. Жүздесу барысында облыс әкімі жас буын өкілдерінің ғылыми жобаларымен танысып шықты.

1168c459 a94d 40c6 89ea 76f0366db001


Өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларын насихаттау арқылы жастармен, облыстық мәслихат депутаттарымен, мемлекеттік органдармен ортақ іс-қимыл қалыптастыруды мақсат еткен шара еркін форматта ұйымдастырылды.
Жалпы “Таза Қазақстан” бағдарламасы шеңберінде мұнайлы өлкеде 30-ға тарта сенбілік өткізіліп, оған 86 мыңнан адам қатысқан. 1500-ден астам техника жұмылдырылып, 2 мың тоннаға жуық қоқыс полигонға шығарылған. Биыл Атырау қаласында 50 мың тал-терек егу жоспарланып отыр. 11 мың шаршы метр біржылдық, көпжылдық гүлзар отырғызылады деп күтілуде. Сондай-ақ осы бағдарлама шеңберінде Атырау-Орал, Атырау-Астрахан, Атырау-Доссор жолдарының бойы көгалдандырылған.

7f53bcc0 2bc7 477f 9157 cfe112024d79

-Жастар мұржалардан шығатын түтінді фильтрден өткізу мәселесін қозғады. Жалпы, экология мәселесі дегенде өндірістен шығатын зиянды шығарындылармен қатар су ресурстарын қорғауға да айрықша назар аударуымыз керек. Мәселен былтыр өңірімізде су тасқыны болса, биыл су тапшылығын сезіне бастадық. Құрманғазы ауданындағы Қиғашқа су келу төмендеді. Кәрі Каспийдің жағдайы да мәз емес.
Атыраулық жастар жаңбыр суын көгалдандыруға пайдалануды ұсынып отыр. Меніңше, мұндай бастамалар қолдау табуы тиіс. Шыны керек, жауын жауса қаламыз суға лық толып, вакуум көліктермен су шығарамыз. Егер оны тал-терек өсіруге жұмсасақ тиімді болар еді, — деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

97a28578 0b83 47e3 a63d e7a8e8c186fa

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері Дильназ Досмұхамбетова, Дмитрий Ургачев фитотері жобасын ұсынып отыр.
-Қазіргі заман – экология мен тұрақты дамуға ерекше назар аударатын кезең. Дәл осы талаптардан туындаған тың жаңалықтардың бірі – «Фитотері» атты табиғи, биоыдырайтын материал. Бұл — дәстүрлі жануар терісіне балама ретінде өсімдіктер мен азық-түлік қалдықтарынан жасалатын алғашқы экологиялық былғары. Ең бастысы – бұл атауды әлем бойынша алғаш болып енгізген де қазақстандықтар.

b343fab1 97b2 4c84 be8b 381ad20ffb35

Бүгінде елімізде, соның ішінде Атырау облысында қоршаған ортаға кері әсер ететін бірнеше өзекті экологиялық түйткіл бар. Солардың бірі – азық-түлік қалдықтарының жағылуы мен көмілуі. Бұл әрекеттер көмірқышқыл газы (CO₂) мен метан сынды парниктік газдардың бөлінуіне әкеліп, климаттың өзгеруіне себепші болады.
Атырау өңірінде тағы бір өзекті мәселе – қамыстың бақылаусыз өсуі. Жыл сайынғы шөп өртеулері ауа сапасын нашарлатып, тұрғындар денсаулығына кері әсер етеді.
Фитотері бірнеше проблеманы қатар шешуге бағытталған: азық-түлік қалдықтарын тиімді басқару, қамысты өртеудің алдын алу және Қазақстанда жасыл экономиканы дамыту. «Фитотері» материалы – осы мақсатқа қол жеткізудің бірегей жолы. Ол табиғатқа зиянсыз, қайта өңделетін және болашақта әртүрлі өндірістік салаларда – сән индустриясынан бастап автомобиль өнеркәсібіне дейін кеңінен қолданылуы мүмкін, — дейді Дмитрий Ургачев.

Айбөпе САБЫРОВА
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button