Атырауда балық қорына қол сұғушылардан 175 келі бекіре тәркіленді

210913092936490a3835401i Экология

Атырау облысында балық қорына заңсыз қол сұғушылардан 175 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды atr.kz

​ Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Рүстем Қорқытовтың мәліметінше, жыл басынан бері балық қорғау заңдылығын бұзушыларға 2 мыңнан астам хаттама толтырылған.

«Биылғы 9 айда су айдындарында құқық бұзғандарға қатысты 180 іске сот үкімі шықты. Жайық пен Қиғаш өзенінен заңсыз құрылған 4 мыңнан астам тор, 185 жүзу құралы табылды. Браконьерлерден бекіре тұқымдас 175 келі балық тәркіленді» -дейді Рүстем Қорқытов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз