Жарнама
Шаһар шырайыЭкология

Атырауда қоқыс полигоны рекультивацияланады

Атырауда қоқыс полигоны рекультивацияланады, ал мал базарлары қаладан тыс жерге шығарылады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезекті отырысында Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2018-08-10 at 17.49.41 (1)

Атырауда қалалық мәслихаттың XXVI сессиясы өткізілді. Онда қоқыс полигонды рекультивацияландыру және қала сыртына шығару, сондай-ақ қазіргі заманауи мал базарын салу мәселелері талқыланды.

Сессияға қатысушылардың айтуынша, Атыраудағы қоқыс мәселесі бұрыннан бар. Күні бүгін қолданыстағы Атыраудан бес шақырым жерде орналасқан қоқыс полигоны 40 жыл бұрын ашылған және экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарына сай келмейді.

«Арнайы автобаза» ЖШС мәліметі бойынша, қалалық қоқысқа тәулігіне 236 тонна қоқыс шығарылады, қатты тұрмыстық қалдықтар айына жеті мың тоннадан астам, жылдық көлемі 85 мың тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта жиналған қалдықтардың жалпы көлемі екі миллион тоннадан асады. Осылайша, аумақ қатты тұрмыстық қалдықтар жинақталған орын болып, онда жүйелі өрттер орын алатын қаланың атмосферасын ластаудың негізгі көзі болған.

Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлының айтуынша, қазіргі уақытта қала сыртындағы қоқыс полигонын рекультивациялау және ауыстыру мәселесі қаралуда, жақын арада осы экологиялық проблеманы шешу бойынша шаралар қабылданатын болады.

— Бұл мәселе менің жеке бақылауымда. Мәселе кезең-кезеңімен шешілетін болады. Қазірде бірнеше жобалар бар. Әрбір жоба алдымен мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң шешім қабылдануы қажет. Содан кейін оны орындау үшін бюджет бекітіледі, орындаушы жарияланады. Кейде рәсім 2 жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл жұмысты бұрынғы әкім Серік Шапкенов бастаған болатын, біз оны жалғастырудамыз, — деді Алимұхаммед Құттұмұратұлы.

WhatsApp Image 2018-08-10 at 17.49.42 (2)

Сессияға қатысушылар көтерген келесі маңызды мәселе — мал базарларының антисанитариялық жәй-күйі. Қалалық ветеринария бөлімі мамандандарының айтуынша, қалада мал қорымы жоқ. Жұмыс жасап тұрған мал базарлары белгіленген санитарлық нормалар мен талаптарды сақтамайды. Сондай-ақ, союға рұқсат беретін ветеринарлық құжаттар жоқ малдарды қабылдайды.

Біздің алдағы жоспарларымыздык бірі — барлық мал базарларын қала сыртына шығару. Қазір лайықты орынды таңдап, сол жерге заманауи талаптарға жауап беретін объекті салу қажет. Кәсіпкерлер осы объектілердің құрылысы бойынша маған өз ұсыныстарын енгізуде. Бұл мәселе қалалық әкімдіктінде бақылауында тұр. Біз қаладағы барлық мал базарларын міндетті түрде тексереміз. Егер олардың санитарлық нормаларды бұзғаны анықталса, оларды жабамыз және қала сыртынан барлық заманауи стандарттарға жауап беретін орталықтандырылған мал базарын ашамыз, — деп сөзін қорытындылады қала басшысы.

Айта кетейік, бүгінгі күні үй малдарын соятын үш мал базары жұмыс жасайды. Құрбан Айт мерекесі қарсанында барлық мал соятын алаңдарды қалалық ветеринария бөлімінің мамандары тексеретін болады. Олардың иелеріне барлық санитарлық нормалардың талаптарын орындау жөнінде тиісті тапсырмалар беріледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button