«Ақтөбе-Атырау-Астрахан» жолы уақытша жабылды

photo 82221 Экология

1 сәуірде сағат 17.30-дан бастап, Ақтөбе облысы аумағында А-27 «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» республикалық маңызы бар автожолының 246-330 шақырымы аралығында судың шаюына байланысты жол қозғалысына уақытша шектеулер қойылды.

Аталған себепті А-27 «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолымен Ақтөбе облысының аумағына шығуға бас тартуларыңызды сұраймыз.
Сағат 18.00-ден бастап, автокөліктің барлық түрлері үшін А-27 «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» Республикалық маңызы бар автожолының 330-337 шақырымында (Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы – Ақтөбе облысының шекарасы) қозғалыс жабылды.

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз