Жарнама
Экология

Жағымсыз иіс тұрғындарды шаршатты

Апта басынан бері Атырау қаласының тұрғындары шаһардағы жағымсыз иіске байланысты әлеуметтік желілерде дабыл қағып жатыр. Бұл жайтқа байланысты облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Есенов департамент мамандары жүргізген талдау нәтижесінде, желдің бағытының басым бөлігі батыстан болғандықтан жағымсыз иістің қаланың оң жағындағы «Квадрат» су булану алаңы тарапынан келіп жатқандығын айтады.

img 0026

– Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне бұл дерек бойынша шешім қабылдау үшін тиісті құжаттарды жолдадық. «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметіне сәйкес, №103 «Шағала», №109 «Восток», №111 «Тұрғындар қалашығы», №112 «Әкімдік» және №113 «Авангард», №108 «ТКА», №110 «Вокзал маңы» атмосфералық ауа сапасын бақылау станцияларында күкіртсутегінің рұқсат етілген шекті мөлшерінен асу деректері тіркелген. Қаланың басқа бөліктерінде мұндай фактілер тіркелмеді. Жергілікті атқарушы орган мен Республика Экология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп, жол картасын әзірледі. Сол арқылы бүгінгі таңда булану алаңын қалпына келтіру жұмыстары атқарылып жатыр,  — деді Ерлан Сатқанұлы.

Сонымен қатар, департамент мамандары облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті және «Қазгидромет» кәсіпорны мамандарымен бірлесе отырып күндізгі және түнгі уақыттарда қаланың атмосфералық ауасына мониторинг жұмыстарын жүргізетін болады. 

Тұрғындарды мұнайлы өңірді экологиялық апатты аймақ ретінде танып, өтемақы төлеу мәселесіде көптен толғандырып келеді. Департамент басшысы бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың тарапынан қолға алыну керектігін атап өтті. 

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Сурет автордікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button