Биыл су деңгейі жоғары

fb img 1650214417840 1 Экология

Аймақта су деңгейінің көтеріліп, Қызылқоға, Жылыой аудандарында су тасқынының орын алуы халық тұтынатын ауыз су сапасына қауіп төндіруі мүмкін.

Қазіргі кезде орын алған ахуалға байланысты ауыз су және ащы су сынамаларын алу, зерттеу жұмыстары күшейтілген. Су сапасын қадағалау мақсатында наурыз-сәуір айларында барлығы 113 су сынамасы алынған. Бұл туралы кеше Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Қ ы з ы л қ о ғ а а у д а н д ы қ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Алтынгүл Аймұратованың айтуынша, аудандағы 10 округте 4 ауыз сумен қамту нысаны бар.

– Қ а р с у ы н ы ң е р у і н е байланысты ауданға қарасты Сағыз ауылының ішімен өтіп жатқан Ноғайты және ауылдың шығыс бетіндегі Сағыз өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі «Кереген – Сағыз – Жамансор» топтық су құбырының су шығару ұңғымаларына қауіп төндірген жоқ. Өйткені ұңғымалар 30 км қашықтықта орналасқан. Ауылдың шығыс бетіндегі Сағыз өзеніне 500 м қашықтықта орналасқан Сағыз су стансасына қауіп төнгенімен, су басудың алдын алу мақсатында бөгеттер тұрғызылды, – деді ол.

Өзендердің деңгейі көтерілу кезінде ашық су көздерінің ластануы мен ауыз судың сапасын бақылау мақсатында бактериологиялық, паразитологиялық және химиялық зерттеуге «Кереген – Сағыз – Жамансор» топтық су құбырының Сағыз су айдау станциясынан 2 және Ноғайты, Сағыз өзендерінен 2 су сынамасы алынған. Зерттеулер нәтижесі Сағыз стансасындағы су сынамалары мөлшерден аспағанын көрсетсе, Ноғайты өзенінен алынған сынамада оң нәтиже анықталып, лайлығы мен дәмінің кермектілігінен өзгерістер белгілі болған. Сондай-ақ, аталған брифинг барысында эпидемиолог дәрігерлер аймақ тұрғындарын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақ болуға шақырды. Өйткені ауа райы жылына бастаса жер бетіндегі жәндіктерге жан бітіп, ауру жұқтыру қаупі күшейеді. «Көктемде адамдар жасыл желек, табиғатқа демалуға жиі шығатындықтан қауіпсіздік шараларын ескерген жөн» дейді мамандар. Иә, дабыл қағуға негіз бар, себебі еліміз бойынша былтырдың өзінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен 19 адам ауырған. А т ы р а у о б л ы с ы н ы ң санитариялық-эпидемиологиялық б а қ ы л а у д е п а р т а м е н т і басшысының орынбасары Гүлнәз Ирбатырова инфекцияның негізгі көзі иксодты кенелер екенін, олар вирусты трансмиссивті жолмен тарататынын айтты.

– Атырау облысы аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қ ы з б а с ы к о з д ы р ғ ы ш ы н а жоспарлы эпизоотологиялық тексеру 2009 жылдан бастап жүргізілді. 2014 жылдан бастап Атырау қаласында және Жылыой, Құрманғазы, Махамбет, Қызылқоға а у д а н д а р ы н д а і р і м ү й і з д і малдардың үстінен және даладан жиналған кенелерден КонгоҚырым геморрагиялық қызбасына оң нәтижелер анықталды. Соңғы жылдарда алынған нәтижелер облыс аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағының болуы мүмкіндігін көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы сенімді және тиімді вакцина жоқ. Ал, кенелер ерте көктем мен жазда адамдарға және жануарларға шабуыл жасайды. Сондықтан қазіргі кезде аса сақ болған жөн, – дейді эпидемиолог.

Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін созылса, басталуы жедел, кейде кенеттен болады. Негізгі белгілеріне теріге қан құйылу, қызыл иек, мұрын, құлақ, жатыр, асқазанішек қан кетулері тән. Маман мұндай жағдайда науқас дереу медициналық көмекке жүгінбесе өміріне қауіп төнетінін қаперге берді.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз