Жарнама
Экономика

Жылыой жоспарды қалай орындап отыр?

Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Дүсіпова 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен бөлісті. Оның айтуынша, биылғы алты ай ішінде аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 трлн 43 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 33,1 пайызға артық.

Өнеркәсіп секторының негізгі тірегі – мұнай мен газ өндірісі. Аталған мерзім ішінде ауданда 17 млн тонна мұнай, 8 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл көрсеткіштер тиісінше 138 пайыз және 114,4 пайыз деңгейінде орындалды. Жалпы, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 127,6 пайызды құрады.

Аудан бюджетінің орындалуы да оң нәтиже көрсетіп отыр. 2025 жылға арналған аудандық бюджет 90 млрд 601 млн теңге көлемінде жоспарланған. Алты айдың қорытындысы бойынша нақты 106 млрд 615 млн теңге кіріс түскен, бұл жоспардың 117,7 пайызға орындалғанын көрсетеді. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда да өсім бар.

Шығыс бөлігі бойынша 77 млрд 92 млн теңге нақты жұмсалып, жоспардың 94,3 пайызы орындалған. Жанар Дүсіпова бұл көрсеткіштер аудан экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын және қаржылық жоспарлардың тиімді орындалып жатқанын көрсететінін атап өтті.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button