Жаңа дәуірдің таңдауы:ForteBank кезекті цифрлық өнімдерін нарыққа шығарды

snimok Экономика

Екінші деңгейдегі банктер құлшына кіріскен цифрлық трансформация – қаржы саласын дамытуға екпін берумен қатар, банк пен клиент арасындағы сенім деңгейін арттыруға үлес қосуда дейді отандық банк мамандары. Мойындау керек, банктер алға тартқан digital сервистер бүгінде дәстүрлі құралдарды алмастырып қана қоймай, бизнестің кез келген саласына да дендеп енуде. Яғни, цифрлық қызмет – заман талабына сай бейімделіп, дамуды көздеген банк клиентінің өз таңдауы.

Әлем бойынша банк саласын цифрландыру деңгейіне қатысты мәліметтерге ден қойсақ, бүгінде цифрлық банкинг, әсіресе, табыс деңгейі жоғары деп танылған елдерде кеңінен қолданылуда. Мысалы, Солтүстік Америкада, Батыс және Солтүстік Еуропа елдерінің бірқатарында өздерінің банктік шоттарын қолдануда мобильді телефон мен Интернетті пайдаланатын клиенттер саны 70–85%-ды құрайды екен.

«Клиенттерге қызмет көрсету барысына цифрлық арналарды көптеп енгізу нәтижесінде банктер бұл шешімнің экономикалық тиімділігіне анық көз жеткізді, – дейді «ForteBank» АҚ Атырау қаласындағы филиалы директорының заңды тұлғаларға қызмет көрсету бойынша орынбасары ИСЕНАЛИЕВ Ринат Нұрлыбайұлы.

– Цифрлық коммуникациялар банк пен клиент арасында туындауы ықтимал көптеген мәселелерді әп сәтте, жедел, әрі тиянақты етіп шешіп бере алады. Мысалға, электронды түрдегі жазбаша байланыс аясында біз клиентке бір емес, бірнеше мәселе бойынша бағыт беріп, банк сайтындағы қажет ақпаратқа жөн сілтеп, тиісті бөлімге шығара аламыз. Онлайн қызметтер мен шешімдер клиент үшін де, банк үшін де өте тиімді».

  • Ринат Нұрлыбайұлы, ForteBusness платформасы аясында ForteBank биыл жаңа digital өнімдерін нарыққа шығарды. Бұл өнімдер банк клиенттерінің қай санатына бағытталған?
  • ForteBusness платформасындағы цифрлық өнімдер шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған. Жалпы, ForteBankөз клиенттеріне кешенді қызмет көрсетудің толық спектрін ұсына отырып, инновациялық шешімдер мен ұсыныстарға, оның ішінде digital-өнімдерге барынша пәрмен беруде. Өздеріңіз де байқап отырсыздар, қазіргі таңда жұртшылық, жалпы, ел іші мейлінше мобильді бола түскен. Олар үшін негізгі байланыс құралы бүгінде мобильді қосымшалар, мессенджерлер, әлеуметтік желілер болып табылады. Әрине, бұған белгілі бір деңгейде пандемияның да әсері бар, дегенмен, цифрлық құралдарға деген сұраныс, мысалы, біздің Атырау өңірі бойынша айтар болсақ, оқшаулану қажеттілігіне дейін де жоғары болған. Сол себепті де біз өз клиенттеріміздің уақытын үнемдеп, жұмыс барысын тиімді етіп ұйымдастыруға септік етуі тиіс жаңа digital-сервистерді іске қосудамыз. Біздің банк клиенттері уақыттың қадірін жақсы түсінеді, соған сәйкес біз де клиент сұранысын қанағат етуге әзірміз.
  • Бұл тұрғыда, айталық, жеке кәсікерлер үшін қандай ұсыныстар бар?
  • Мысалға, біз жыл басынан бері жеке кәсіпкерлерге тегін онлайн шот ашу сервисін іске қостық. Яғни, ендігі кезеңде ForteBank клиенті болам деген жеке кәсіпкер банк кеңсесіне келмей-ақ, онлайн негізде шот аша алады және де бұл үшін ол күш те, қаражат та жұмсамайды. Бұл сервис дәл қазір, яғни пандемия кезінде өте өзекті. Бүгінде әркім де өзінің және жақындарының денсаулығына алаңдаулы, олай болса біз ұсынып отырған цифрлық қызмет түрлері клиенттердің уақытын үнемдеумен қатар, COVID-19 індетінен қорғануға да септік етпек.
  • Онлайн шот ашуға шамамен қанша уақыт кетуі мүмкін?
  • Әрі кетсе 15 минут. Жоғарыда айтқанымдай, бұл сервис аясында кәсіпкер өз кеңсесінде, үйінде, тіпті, саябақта отырып та, онлайн негізде шот аша алады. Жалпы, біздің банктің digital-сервистері жылдам әрі қолдануға өте ыңғайлы. Қалай дегенмен, жылдамдық көрсеткіші бойынша онлайн процестер дәстүрлі қызметтермен салыстырғанда қашанда көш ілгері, мұны банк клиенттері онсыз да дұрыс түсініп отыр. Қолымыздағы мәліметтер көрсеткендей, соңғы айларда біздің банктен шот ашқан клиенттердің 35%-ы осы «Онлайн шот ашу» қызметін пайдаланған. Бұл көрсеткіш әлі де өсе түсетініне өз басым толық сенімдімін.
  • Онлайн шот ашу мейлінше жеңіл дедіңіз…
  • Ия, бұл процедура өте қарапайым әрі тегін. Онлайн шот ашу үшін, ең бастысы, жеке кәсіпкердің өз электронды цифрлық қолтаңбасы болуы шарт және жылдам Ғаламтор керек. Онлайн шот ашу жөніндегі ұсыныс ЖШС үшін де ескерілген. Бұл үшін олар банк сайтында шот ашуға өтінім қалдырса болды. Мәселе барынша жеңіл әрі жылдам жүзеге асады: талап етілетін құжаттар пакеті өте аз.
  • Forte Business аясында онлайн кредиттеу де ескерілген ғой?
  • Әрине. Біз бұл тұрғыда жеке кәсіпкерлерге арналған online овердрафт және POS терминал айналымына қарай online овердрафт өнімдерін ұсынып отырмыз. Егер клиент шотындағы жеке қаражаты келісімшарттар бойынша жедел есеп айырысу үшін жеткіліксіз болса, онда ол біздің банкке онлайн негізде өтініш жолдап, қажет ақшаға қол жеткізе алады.

Online овердрафт бойынша кредит сомасы және кредиттеу мерзімі қандай?

Кредит сомасы 500 мыңнан 20 млн теңгеге дейінгі аралықты қамтуы ықтимал. Несие мерзімі 30 күнге дейін. Ал сыйақы мөлшерлемесі – жылына 17%-дан басталады. Бұл кредит бойынша да басты артықшылық – құжат жинап, арнайы банкке келіп, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Барлық мәселе онлайн негізде рәсімделеді. Айтқандай, ForteBank-тің осынау оnline овердрафт өнімі бойынша ең бірінші кредит алған банк клиенті біздің атыраулық кәсіпкер.

Қарыз алушыға қандай талаптар қойылады?

Оnline овердрафт кредитіне үміт артқан кәсіпкердің бизнесі кредит беру күніне дейін кемінде 12 ай бойы жұмыс істеп тұруы тиіс. Сол сияқты, кредит алушы кәсіпкер банкке соңғы 12 айдағы кредиттік тарихын ұсынуы керек. Әрине, міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі болмауы шарт. Тағы бір ескеретін жайт – қаржыландыру сомасы кәсіпкердің таза табысының 50%-нан аспайды. Ал POS-терминал айналымына қарай берілетін оnline овердрафт кредитінің сомасы 500 мыңнан 5 млн теңгеге дейін. Сондай-ақ, жеке кәсіпкердің бизнес тарихы кредит алуға өтінім берген сәтке дейін кем дегенде 6 айды қамтуы тиіс. Әрине, бұл арада да қарыз берешегі болмауы шарт және де мемлекеттік не өзге де ақпараттық ресурстарда жағымсыз сипаттағы мәліметтердің болмауы ескерілгені жөн.

ForteBusiness аясындағы өзге ұсыныстар бизнеске несімен тиімді..

ForteBank-тің ForteBusiness интернет банкингінің көмегімен жергілікті кәсіпкерлер: онлайн негізде шот ашуға, Интернет банкингке қосылуға, депозит ашуға қол жеткізумен қатар, POS терминал орнатуға онлайн өтінім беріп, еңбекақы жобасы қызметін онлайн қоса алады. Бізде, сондай-ақ бизнес өкілдері үшін ForteX арқылы тегін валюта айырбастау, банк кепілдігін алуға онлайн өтінім беру мүмкіндіктері де ескерілген. Жеке кәсіпкерлер депозит ашуға да онлайн негізде өтінім бере алады. Сонымен қатар, банк сайтында клиенттерге арналған «кері қоңырау шалу» функциясы қарастырылған. Яғни, клиент банк сайтында өзіне қатысты байланыс мәліметін қалдырған жағдайда, біздің менеджерлер бірден хабарласып, туындаған сұрақтар мен мәселелерді оңай шешіп бере алады. Негізі, банк қызметіндегі digital-сервистердің арқасында клиенттер өздерінің барлық қаржылық операцияларын бақылауда ұстап, банкпен арадағы қарым-қатынасын түгелдей қадағалап отырады. Банк пен клиент арасындағы мұндай ашықтық, меніңше, екі жақты сенім көрсеткішін арттырып, екеуара қарым-қатынасты шынайы серіктестік деңгейіне шығаруы тиіс.

ForteBank-тің digital өнімдері қазақша сөйлей ме?

Әлбетте! Біздің банк ұсынатын кез келген өнім, мейлі ол онлайн не офлайн болсын, қазақ және орыс тілдерінде бірдей сөйлейді. Ал цифрлық өнімдерді біз бірінші кезекті қазақша ұсынуға мән берудеміз. Мысалы, дәл қазір ForteBank заңды тұлғаларға арналған мобильді интернет банкинг қызметін алдымен қазақ тілінде іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл сервис тек содан кейін ғана орыс тіліне аударылады. Осылайша біз екі тілде де ыңғайлы әрі түсінікті болатын интерфейс құруды қалаймыз.  

Digital өнімдерді нарыққа шығарарда жергілікті бизнестің технологиялық мүмкіндіктері анықталып, ескерілді ме?

Банктің жаңа өнімдерін әзірлеп, ұсыну шарасы әдетте бас банктен бастау алады. Әрине, бұл тұрғыда әлеуметтік сауалнама, өнімдер желісі мен сервистерді тестілеу сынды барлық аспектілер ескеріледі. Бүгінгі әлем шапшаң қимылдап, жедел өзгеріп жатыр. Байқасаңыз, көптеген компаниялар қазір өз қызметтерін онлайн форматқа ауыстыруда. Қай салада болмасын, бүгінде керек қызметке жүгіну үшін бір ғана тетік, бір ғана батырманы бассаңыз жетіп жатыр. Біздің банк клиенттеріне қатысты айтар болсам, меніңше, атыраулық кәсіпкерлердің цифрлық мүмкіндіктері көңілге қонымды. Олар біздің банктің жаңа өнімдерін оң қабылдап, белсенді қолдануда. Жалпы, қаржы саласын цифрландыру барысында банктік өнімдер мен қызметтерге оңай әрі тез қол жеткізу мүмкіндігі арта түседі. Ал біздің цифрлық өнімдерімізді тұтынуда технологиялық өзгерістерге бейімделе қоймаған, тәжірибесі аз тұтынушылар кездесіп жатса, банк мамандары оларға көмек көрсетуге әрқашан дайын.

Атырау өңіріндегі цифрлық экожүйе «көңілге қонымды» дедіңіз. ForteBank-тің цифрлық өнімдерін тұтынуда жергілікті бизнестің қай сегменті белсенді?

Біздің негізгі клиенттер  – ол Атырау облысында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер. Олар жергілікті өндірісте де, саудада да, қызмет көрсету саласында да кең тараған. Банк клиенттері арасында сұранысқа ие өнім – ForteBusiness интернет банкингі. Қашықтан қызмет көрсетуге негізделген бұл сервис – клиенттердің қаржысын басқаруда барынша ыңғайлы әрі тиімді. ForteBusiness 24/7 режимінде, яғни тәулік бойы жұмыс істейді. Жоғарыда айтылғандай, бұл сервистің басты артықшылығы – клиент барлық шаруаны қашықтан отырып орындаумен қатар, банктік операцияларын да түгел бақылап, қадағалай алады. Осы арада атыраулық кәсіпкерлерге құлаққағыс ретінде айта кеткім келеді: қазір ForteBank-те арнайы науқан жүріп жатыр, яғни жыл соңына дейін онлайн режимде шот ашқан кәсіпкер Интернет банкингке тегін қосыла алады. Бұл, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін тиімді мүмкіндік.

Ринат мырза, соңғы сұрақ – бүгінде жаңа технологияларға негізделген finteh компаниялар қаржы нарығын өздеріне икемдеп, игеруге мән беруде. Сіздердің банк мұндай қарқынды бәсекеге дайын ба?

Бәсекелестік – алға жылжып, ілгерілеу жолындағы қозғаушы күш. Біз отандық бизнестің өркендеп, дамуына үлес қосуды мақсат еткен банкпіз, сол себепті де ForteBank-тің барлық өнімдері заман талабына сай әрі қауіпсіз. Айтқандай, біздің банк үшін digital өнімдер пандемия салдарындағы қажеттіліктен туындаған жоқ. Қаржы институты ретінде біз банк өнімдерін цифрландыру процесіне пандемияға дейін-ақ алғашқылардың бірі болып көңіл бөлдік. 2018 жылы Markswebb ресейлік сараптама агенттігінің мәліметінше, ТМД елдеріндегі 10 мықты жобаның бірі ретінде ForteBank-тің цифрлық өнімі Қазақстандағы №1 мобильді қосымша деп танылғаны белгілі. Қалай болғанда да, «ForteBank» АҚ finteh компаниялармен де, нарық ішіндегі өзге әріптестерімен де бәсекеге қашанда дайын әрі қабілетті. Ал банктік digital өнімдер мен сервистердің қарқындап өсуі біздің клиенттердің дамып, кеңеюіне серпін беретін оң әрі тиімді тенденция деп есептеймін.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Жанболат

    Цифрланып жатырған форте банктерің еговтағы цифрлы куәлікті мойындамайтыны жаман боп тұр оны халық банік қабылдайды. Кеше жұбайымның кредитін төлейін деп куәлігімен кассаға барсам өзіңнің оригинал куәлігіңді алып кел деп жарты күн уақытымды алды. Дурдом просто ещё цифрлық жөнінде әңгіме айтып қояды…