Жергілікті қамтуды дамыту қалай жүзеге асуда?
«Caspian Food West» компаниясы жергілікті қамту мен мүмкіндіктерді нығайта отырып, Қазақстандағы «Compass» тобының еншілес кәсіпорындарын сатып алды.
Нақтырақ, «Caspian Food West» (CFW) «Сompass» тобының еншілес кәсіпорындары «ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС-нің (ЮСС) және «Compass Қазақстан» ЖШС-нің (CK) 100 % үлесін сатып алғандығын хабарлаймыз. Бұл стратегиялық қадам 3000-нан астам жергілікті қызметкерлерді біріктіреді және көпшілігі Атырау облысында жұмыс істейді. «Сompass» тобы қоғамдық тамақтану, қонақ үй қызметтері, техникалық қызмет көрсету (ТҚК) және көлік салаларында белгілі. Ол Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт бойы, негізінен Теңізде және Атырауда табысты қызмет көрсетіп келген компаниялардың қатарында болды.
Қазақстанға толығымен тиесілі «CFW» соңғы екі жыл ішінде «ЮСС» мен «СК» үшін сенімді бизнес-серіктес және стратегиялық жеткізуші болған. Сатып алу «CFW» компаниясының қолданыстағы қызмет түріне сәйкес келеді және компанияны энергетика мен ресурстар саласында, сондай-ақ қонақ үй бизнесімен байланысты басқа секторларда тұрақты өсу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Батыс Қазақстандағы азық-түлік және қосалқы қызметтер көрсетуге арналған келісім-шарттарынан бөлек, «CFW» ауыл шаруашылығы, мейрамхана бизнесі, азық-түлік өнімдерін өндіру мен оларды көтерме саудамен өткізу саларында қызмет атқарады. Бұл сатып алу Қазақстанның экономикалық дамуына ықпал ете отырып, тұтынушыларға пайда әкелу мүмкіндіктерін кеңейтеді деген сенім бар.
Жаңа басқару аясында «CFW» стратегиясы қолданыстағы келісім-шарттардың өндірістік мықты беделіне сүйене отырып, Қазақстандағы қызметті нығайтуға бағытталған. Біз жұмыс күшімізді сақтауға және нығайтуға, қазақстандық қамтуды ұлғайтуға және барлық барлық мүдделі тараптарға тиімді болатын жаңа мүмкіндіктер ұсынуға ұмтыламыз.
Үздіксіз қызметті қаматамасыз ету үшін қазіргі басшылық пен басқарушы персонал құрамы өзгермейтінін атап өту керек. Тәжірибелі және өз ісіне адал оперативті топтар өз орындарында қалады, клиенттер мен тұтынушылар күткен қауіпсіздік, қызмет көрсету сапасы және операциялық жетілдірудің жоғары стандарттарын қолдау үшін жұмыс істейді.
«Caspian Food West» (CFW) «Compass» компаниясына жылдар бойы жергілікті қоғамдастықтың дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін ризашылығын білдіреді. «CFW» компаниясы «Біз олардың артында қалған мұраларын құрметтейміз және Қазақстандағы жергілікті қамтуды ұлғайтып, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейте отырып, олардың жұмысын жалғастыруға ниеттіміз» деген пікірде.
Бұл сатып алу «CFW» тарихындағы жаңа тарауды бастайды, себебі біз Қазақстанда қосалқы қызметтердің жеткізушісі ретінде өз позициямызды нығайтып жатырмыз. Біз ұзақ мерзімді жетістікке жетуді және қызметкерлерімізбен, серіктестерімізбен және тұтынушыларымызбен бірлесіп жергілікті экономикаға айтарлықтай үлес қосуды асыға күтудеміз.
Майкл ТЕЙЛОР,
«ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС Бас директоры