«ДОСТЫҚ ЗАЛЫНДАҒЫ» ЫНТЫМАҚ

Атырау қаласындағы «Еркетай» балабақшасында бүлдіршіндердің кіші ассамблеясы құрылып, «Достық залы» ашылды. Бұл шараға қалалық білім бөлімі және облыстық тілдерді дамыту жөніндегі бас-қармасының, сондай-ақ Атырау облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім және Достық үйі» мекемесі, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен ата-аналар қатысты.

Қазақ хандығының 550 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты –  балаларды патриоттық, толеранттық, адамгершілік қасиеттерге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу болып табылады.

Шарада балабақша басшысы Айжан Сәрсембаева Қазақ хандығының тарихына қысқаша шолу жасады. Төл тарихымыздан сыр шерткен қысқаметражды бейнефильм де көрермен көңілінен шықты. Хандардың образын сомдап, ортаға шашу шашып, мерекені бастаған кіші ассамблеяның балдырғандары әр ұлттың әнін шырқап, дөңгелене би биледі. Олар киіп шыққан ұлттық киімдер де өз ерекшелігімен сәнді болды.

Бағила САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ.

Суретті түсірген

Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз