Жарнама
Экономика

Жаңа өндіріс — өркендеу өрісі

Жуырда «КаспийМегаСтрой» ЖШС компаниясы Атырау қаласынан жаңа отандық өндірістік цехты іске қосты. Өнеркәсібі өркендеген өңіріміз үшін бұл – ерекше серпін берген айрықша қадам болды.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтың айтуынша, отандық өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу әрі сапалы құрылыс материалдарын өз елімізде өндіру — бәрімізге ортақ мақсат, абыройлы міндет.

— «КаспийМегаСтрой» ЖШС 2012 жылы құрылып, құрылыс-монтаж жұмыстары бағытында табысты еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында компания еліміздің ірі жобаларына, соның ішінде Теңіз кен орны мен Атырау облысындағы нысандарға белсенді түрде қатысып, құрылыс нарығында сенімді серіктес ретінде танылды.

Сонымен қатар, компания Еуропа елдерінің белгілі модульдік ғимарат өндірушілерімен әріптестік байланыс орнатып, контейнерлік блоктар құрастыру саласында мол тәжірибе жинақтады.

Кәсіпорынның басты бағыты – тез тұрғызылатын әкімшілік ғимараттар, қоймалар мен жатақханалар салу. Бұл бағыттағы тәжірибе енді өзінің жүйелі жалғасын табуда, — деді шаһар басшысының орынбасары.

Соның куәсіндей, бүгінде серіктестік базасында Атырауда жеңіл болаттан жасалатын жұқа қабырғалы құрылымдарды өндіретін жаңа цех ашылып, пайдалануға берілді.

Атап айтар жайт, бұл конструкциялар қоймалар, өндірістік және коммерциялық ғимараттар құрылысына кеңінен қолданылады. Ең бастысы – бұл жоба ешқандай сыртқы қаржыландырусыз, компанияның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып отыр.

Қысқаша деректерге сүйенсек, жаңа цехтың жалпы жер аумағы – 8000 м², өндірістік ауданы – 280 м², жұмыс орны – 10, салынған инвестиция көлемі – 150 млн теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 3000 тонна. Ең маңыздысы – бұл кәсіпорын 100% отандық өндіріс болып саналады.

Жауапты мамандардың мәліметінше, компания алдағы уақытта өндірістің көкжиегін кеңейтіп, жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button