Жалақысы 100 пайызға өсейін деп жатыр!

krajilikakparat Экономика

1 шілдеден бастап «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы 75% өседі, деп хабарлайды ATPress.kz.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Шымкенттегі кездесуде осындай мәлімет берген еді. «Мәдениет және архив ісі ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен әр жыл сайын 20%-ға өсетін болады. Бұл жұмыс 2025 жылға дейін жүргізіледі, яғни осы кезеңде еңбекақы көлемі 100%-ға артады.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес 1 шілдеден бастап «Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы 75%-ға артатынын атап өткім келеді», – деді Дәурен Абаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз