Жарнама
ЭкономикаСарапTime

Зейнетақы жарнасы уақытында түсуге тиіс!

БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ҚҰРЫЛҒАНДА, КӨПТЕГЕН ЕҢБЕККЕРДІҢ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН МІНДЕТІН ЖЕТЕ ТҮСІНБЕГЕНІ РАС. БҮГІНДЕ ОЛАР АТАЛҒАН ҚОРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БІЛІП ҚОЙМАЙ, ОНЫҢ ИГІЛІГІН ДЕ КӨРІП ОТЫР.

Қордың негізгі қызметі – міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары есебінен берілетін зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру. Соның нəтижесінде зейнет жасына жеткен əрбір тұлға ай сайын тұрақты түрде ақшалай төлем – зейнетақысын кідіріссіз алып отырады. Ал, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің құрылымы қандай десек, ол – ерікті жинақтаушы жүйе, міндетті жинақтаушы жүйе (қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары – 10%), базалық зейнетақы, ынтымақты зейнетақы, жұмыс берушінің міндетті кəсіби зейнетақы жарналары. Соңғы – жұмыс берушінің міндетті кəсіби зейнетақы жарналары дегеніміз – жұмыс берушінің еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасына 5% қосымша қаражат аударуы. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжауынша, Қазақстанда 2020 жылдан бастап 2050 жылға дейінгі кезеңде əлеуетті қолдау коэффициенті 2 есеге жуық төмендейді. Соның əсерінен 65+ жастағы бір зейнеткерге еңбекке қабілетті жастағы 3,64 адам келеді. Бұл – еңбекке қабілетті халыққа жүктемені арттырады.

1418-ден сұраңыз

Еңбеккерлердің жинақтаушы жүйеге ерікті түрде қаражат аударуларына болады. Айталық, кемінде табысының 5%-ын өзінің, болмаса баласының атына аударатын болса, онда оны өзінің қалаған уақытында үстіндегі үстемесімен қоса түсіріп алуына мүмкіндігі бар. БЖЗҚ «мобильдік тобы» əрбір мекеме, ұжымға келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Осындай кезекті кездесу өткізген Атырау облыстық филиалының директоры Қозыбақ Құлбарақов пен бас маман Жасұлан Исманов зейнетақы жинағы, оларды пайдалану, жеткілікті шек, басқа да қор жұмысына қатысты мəселелер жайында кеңінен мағлұмат берді. Сонымен бірге өткен 7 айда 1895 мұрагерлік төлем төленгенін айтты. Жалпы зейнетақы қорының қызметтері туралы 1418 нөміріне қоңырау шалып, барлық қажетті ақпаратты алуына болады.

Жарна уақытылы түсуі тиіс

Күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей, қайсыбір мекеме басшылары «қаражаттан тапшылық көрудеміз» деген желеумен еңбеккердің зейнетақы жарнасын уақытылы аудармай, кідіртеді. Осындай қолдан жасалатын кедергілерден сол тұлға біраз қиындық көреді. Ақыры банкілерден несие ала алмайды, жасы жетіп, зейнетақы тағайындатар тұста да біраз əуреге түседі. Қозыбақ Əбуұлы бұл туралы айтқанда, тиісті мекемені жауапқа тартуға өздерінің құзыреті жоқтығын еске салды. Айтқандай, тамыздың жарнасы қыркүйектің 25-іне дейін түсіп болуы шарт екен. Сондай-ақ, 1998 жылға дейін кемінде 6 ай жұмыс жасап үлгерген еңбеккер мемлекет тарапынан ортақ зейнетақы ала алады. Ал, БЖЗҚ жинағын зейнеткерлікке шыққан соң ғана бөліпбөліп алуына мүмкіндігі бар. Егер салымшы басқа мемлекетке қоныс аударатын болса, салыққа, басқа да төлемдерге (алиментке) берешегі (қарызы) болмаса, онда оның жинағы түгел беріледі.

Лиза СЕЙТІМОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button