«Қашаған»: Газ өңдеу зауыты құрылысы кезінде 3400 жұмыс орны құрылады

2 1 Жаңалықтар

«Қуаттылығы жылына 1 млрд. текше метр «Қашаған» кен орны газын өңдейтін зауыт құрылысы басталады» деп хабарлайды Atr.kz

Ашық дерек көздерінен білгеніміздей, құрылыс кезеңінде 2 800 жұмыс орны және жоба іске қосылған соң 600 тұрақты жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

Және индустрияландыру картасы аясында биыл жалпы құны 817 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылып, 570 жұмыс орны ашылады.

Еске сала кетелік,   өткен жылы индустрияландыру картасы аясында, Атырауда 7 жоба ашылып, 580 жұмыс орны құрылды. Олардың қатарында, «Доктор Хаус» ЖШС-нің «Медициналық бетперделер өндірісі», «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің «Құс етін өндіретін фабрикасы» және «Бест Модуль» ЖШС-нің металлдан жасалған модульдік ғимараттары бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз