Экономика
ҮЗДІК – «ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮЗДІГІ»
1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған Үздік Шаймарқызы – Гурьев облыстық қаржы бөлімінде ревизор-инспектордың міндетін атқарушы ретінде еңбек жолын бастап, Индер ауданы бойынша салық инспекциясының аға мемлекеттік салық инспекторы, қаржы бөлімінде бас экономист, облыстық қаржы басқармасында бас маман, бөлім бастығы сынды лауазымдарды абыроймен атқарып, еңбек жолында түрлі жетістіктерге жете білген өз ісінің білгірі.
Ал, атаулы күн қарсаңында Үздік Шаймарқызының «Қаржы жүйесінің үздігі» ведомстволық наградасымен марапатталуы – ұзақ жылдарғы еңбегінің еленгендігінің белгісі екені даусыз.
Өз тілшіміз.