«ТШО» арқылы мың адам қайта оқытылмақ

img 20220812 wa0008 Экономика

«Теңізшевройл» ЖШС-нің «Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі» бағдарламасы бойынша  қайта даярлаудан 1000 адамды оқыту жоспарланып отыр.

2022 жылдың 4-10 шілде аралығында «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі» бағдарламасы аясында Атырау облысы бойынша жұмыссыздарды оқытуға іріктеу басталып, оған 680 адам қатысты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мамбетовтың мәліметінше жұмыссыз жүрген азаматтарды оқыту екі айдан төрт айға дейін жалғасады.

– Қазір «APEC Petro Technic» ЖШС жоғары колледжі, «ILT» оқу орыны және «Ақтау» оқу орталығында 11 мамандық бойынша оқуға 350 адам қабылданып, білім алуды бастап кетті. Мұнда
еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар бойынша оқу жүргізілуде. Оқу аяқталған соң, бітірушілердің білімін дәлелдейтін арнайы сертификат беріледі, деді А.Мамбетов.

Сонымен қатар «Теңізшевройл» ЖШС-нің қосалқы мердігер мекемесіне, отандық компанияларға жұмысқа орналастыру үшін бітіруші мамандар арасында іріктеу жүргізіледі.

Еске салайық, аталған оқу бойынша 2019 жылдан бері 1139 тұрғын мамандандырылып, оның 692-сі жұмыспен қамтылған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз