Жарнама
Экономика

Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ: Мегажобалардағы мұнай өндіру көлемі артты

Қазақстанның ірі мұнай-газ кен орындарында биылғы өндіріс көрсеткіштері жаңартылды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясының ресми сайтында хабарланды.

2025 жылдың қаңтарынан бастап Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасы аясында Үшінші буын зауытында өндіріс іске қосылғаннан кейін, Теңіз кен орнында мұнай өндіру көлемі 35,5%-ға артып, 3 892 мың тоннаны (тәулігіне шамамен 173 мың баррель) құрады. Сонымен қатар, ілеспе газ өндіру де 39,7%-ға өсіп, 2 217 млн м³ көлеміне жетті.

Қашаған кен орнында биылғы мұнай өндіру көлемі 1,4%-ға төмендеп, 1 517 мың тоннаны (тәулігіне шамамен 67 мың баррель) құрады. Бұл көрсеткіштің төмендеуіне өндірілген мұнайдағы газ факторының жоғары болуы себеп болған. Газ өндіру көлемі 994 млн м³ болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

Қарашығанақ кен орнында мұнай мен конденсат өндіру көлемі 4,6%-ға ұлғайып, 573 мың тоннаны (тәулігіне шамамен 25 мың баррель) құрады. Бұл өсім қабатқа қайта айдалатын шикі газ көлемінің артуымен байланысты. Қабатқа айдауға дейінгі газ өндірісі 12,5%-ға артып, 1 320 млн м³ болды.

Бұл көрсеткіштер Қазақстанның мұнай-газ секторының тұрақты дамуын және өндірістік технологиялардың тиімділігін көрсетеді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button