Жарнама
Экономика

ТҮПКІ НӘТИЖЕ – НАҚТЫ ІСТЕ

Жалпы, аталмыш бағдарламаның үш бағыты бар. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, тұтастай үш бағыттағы көрсеткіштер бойынша облысымыз алдыңғы қатарда. Алайда, жеке-жеке саралар болсақ, кейбір нәтижелердің жоспарға сай орындалмай отырғандығын байқауға болады.

Мәселен, жергілікті жерлердегі әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізуге жұмыссыз адамдарды тарту туралы талаптың орындалысы өз мәнінде емес. Яғни, облыс бойынша жұмысқа алынуы тиіс 690 адам толықтай қызметпен қамтылмаған. Бұл ретте Құрманғазы, Махамбет аудандарының көрсеткіштері жоспардан төмен болып отыр.

Ал, шағын несиеге қатысты бағытының орындалысы бойынша алты айға жоспарланған 1 миллиардтан астам қаражаттың 49,8 пайызы, яғни 592 миллионы игерілген. Өз кезегінде қаржылай қолдау көрсетуші сала мамандарының айтуынша, қазіргі таңда кепіл арқылы несие алу мәселесін оң шешуге мүмкіндік туындаған. Десек те, кейбір кәсіпкерлердің өз ісін бастап, алған сомасын толық игере алмауына нысан салатын жер телімінің берілмеуі себеп болып отырған көрінеді. «Бұл ретте өз ісін ашуға талпынған кәсіпкердің қаржылық сұранысы қанағаттандырылған сәтте жергілікті әкімдіктің жер телімін бөлу туралы шешімі де шығып тұрса…» дейді сала мамандары.

Басқосу барысында тақырыпқа қатысты өзге де сұрақтар талқыланып, жауапты лауазым иелеріне нақты тапсырмалар жүктелді.

Гүлжан ӘМІРОВА.
Суретті түсірген
Әнуар Әбілғазиев.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button