Жарнама
Экономика

Субсидияны рәсімдеу жолы жеңілдеді

Бұдан былай, ауыл шаруашылығына  арналған субсидиялар осы салада заманауи технологияларды дамытуға және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Арман Евниев БАҚ өкілдеріне ресми түрде мәлімдеді.

teserufat

Вице-министрдің айтуынша, осыған дейін шаруашылық құрылымдарына беріліп келген тауарлы-спецификалық субсидиялар 2019 жылдан бастап егін шаруашылығында, 2020 жылдан мал шаруашылығында тоқтатылуы ықтимал.  Оның есесіне, инвестициялық, пайыздық мөлшерлемені және сақтандыру қызметтерін субсидиялауға басымдық берілмек. Осыған байланысты рәсімделетін құжаттар пакеті, қаржыландыру құралдары Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылып отыр.  Мақұлданған жағдайда, субсидияның тағы да бірнеше түрі пайда болады.

(Толығырақ «Атырау» газетінен оқи аласыздар)

 

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button