Атырауда 1 қазаннан бастап не өзгереді?

img 20220923 wa0010 Экономика

Бұл туралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Алия Байтемирова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 1 қазаннан бастап құрлық шекарасынан өтетін азаматтар, құны 500 еуродан (қазіргі уақытта 1000) және салмағы 25 келіден (қазіргі уақытта 31 келі) аспайтын тауарларды баж салығынсыз әкеле алады. Тауар көрсетілген шектен асып кетсе, құнның 30% мөлшерінде баж салығын төлеу керек. Төлем 1 келіге 4 еуродан келеді.

-Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тасымалдаушы жеткізген немесе халықаралық пошта жөнелтілімімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты биыл 1 қазаннан бастап тауарлардың құнының критерийлері 1000 евродан 200 еуроға дейін төмендетілді. Сонымен қатар салмақ шегі 25 кг болып белгіленді, деді А.Байтемирова.

Айта кетейік, темекі лимиті өзгеріссіз қалады. Яғни 18 жастан асқан жеке адамға жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын темекі немесе 50 сигара қарастырылған.

Осы орайда алкогольді бажсыз әкелу мөлшерлемесі де өзгеріссіз қалып отыр. Нақтырай айтсақ 18 жастан асқан жеке тұлғаға 3 литр рұқсат етілген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз