Экономика
ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАР ДА ТЕНДЕРГЕ ҚАТЫСА АЛАДЫ
Оның айтуынша, жақында ол заңның жобасы Парламенттің қарауына жөнелтіледі. «Тиісті нормативтік-құқықтық базаны жасағаннан кейін, шетелдік компаниялар Қазақстан аумағында мемлекеттік сатып алуларға еркін қатыса алатын болады. Бұл біздің компаниялар үшін өте үлкен бәсекелестік болары анық. Меніңше, ол көп ұзамай болады. Себебі, Дүниежүзілік сауда ұйымы бойынша құжаттар қабылданды және тиісті заңнамалық нормалар пакеті Парламентке қыркүйекте енгізіледі. Тиісті шешімдер жасалады», — деп атап өтті Қаржы министрлігінің вице-министрі Руслан Бекетаев.
Өз тілшіміз.