СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ – СЕНІМ МЕН САПА ҮШІН!
Оның ішінде есептік және салықтық тіркеуді енгізу, кедендік үрдістер, маркетингтік және құқықтық қызметтер айтарлықтай сұранысқа ие болды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберіндегі мұндай қолдау кәсіпорындарды басқару жүйесін жандандыру мен жалпы жұмысты жақсартуға бағытталған. Бизнес-үрдістерді қолдау бойынша көрсетілетін арнайы қызметтер:
1. Есептік және салықтық тіркеуді енгізу және статистикалық есептерді құру;
2. Кедендік үрдістер бағытындағы қызметтер;
3. Менеджмент жүйесін енгізу бойынша кеңестер беру;
4. Құқықтық қызметтер көрсету;
5. Маркетинг мәселелері;
6. Ақпараттық технологиялар қызметі бойынша кеңестер;
7. Мемлекеттік сатып алу, ұлттық компаниялар мен тауар қолданушыларға көрсетілетін қызметтер.
Жаңа кәсіпті іске қосу бойынша сервистік қолдау көрсетудің операторы Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы болып табылады. Ал, жергілікті жерде – аудандық кәсіпкерлер палатасы сияқты құрылымдық бөлімшелер айналысады. Арнайы комиссия бойынша Атыраудың сапалы сервистік мекемелері анықталды: олар – «Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің одағы» және «КОНСУЛ» консалтингтік компаниясы» мекемелері.
Атап айту керек, ағымдағы жылдан бастап сервистік қолдау қызметі бір қызметке өсті. Енді бизнес иелері менеджмент мәселелері бойынша тегін мүмкіндікті қолдана алады. Сөйтіп, 2015 жылдан бастап барлық сервистік қызметтерді кәсіпкерлер палатасы көрсететін болады.
Амандық АБДОЛОВ.