АУА РАЙЫНЫҢ ҚОЛАЙСЫЗДЫҒЫ МЕН ҚҰБЫЛМАЛЫ МІНЕЗ ТАНЫТУЫНЫҢ САЛДАРЫНАН ЕГІСТІК НАУҚАНЫНЫҢ МЕЖЕЛЕНГЕН МЕРЗІМІНЕН КЕШЕУІЛДЕП ЖАТҚАНЫ ШЫНДЫҚ. СӘУІР АЙЫ ОРТАЛАНЫП ҚАЛҒАНЫМЕН ШАРУАЛАРДЫҢ БӘРІНІҢ БІРДЕЙ МАУСЫМҒА ДАЙЫН ЕМЕСТІГІ ДЕ БЕЛГІЛІ БОЛЫП ОТЫР. ДЕГЕНМЕН ҚАРЕКЕТ ТЕ ЖОҚ ЕМЕС.
МҮМКІНДІГІНЕ ҚАРАЙ – ҚАРЕКЕТІ
Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Олжас Мырзабаевтың баяндауынша, биыл егістік жердің көлемі 4 345,3 гектарға жеткізілген, яғни былтырғыдан 58 гектарға артық. Соның тең жартысынан астамы өткен жылдың күзінде жыртылып, қопсытылып қойылған. Ауданда егіншілікпен айналысатын 100-ге жуық шаруашылық құрылымы 550 га жерге картоп, 848,3 гектарға көкөніс, 422 га аумаққа бақша, 2380 га алқапқа малазықтық дақылдарын, 141 гектарға жеміс ағаштарын өсірмекші. Былтыр аудандағы 1746 гектарды қ а м т и т ы н т а у а р л ы е г і с т і к т і ң 85 пайызына тамшылатып суару технологиясы қолданылған. Енді оны 1550 гектарға жеткізу көзделіп отыр. Сонда ол бүкіл облыстағы осы тәсілге көшірілген егіндіктің тең жартысынан астамын құрайтын болады. Жұмыстың қуатты техникалардың күшіне сүйенетіні белгілі. Бұл ретте, биыл ауданда көктемгі дала жұмыстарына 1 7 7 д а н а а у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы техникасы қатыстырылуда. Ауыл шаруашылығы техникаларының базасын жаңарту мақсатында бірнеше шаруашылық лизингке 9
трактор, 10 агрегат сатып алған. Қазірде қолда бар тұқымның көлемі 410 тонна болса, оған қосымша 310 тоннаны сатып алуға келісімшарт жасақталғаны белгілі болды. Тыңайтқыштың жайына келсек, күні бүгінге 28 шаруашылықтан 811 тонна аммиак селитрасына, 12 шаруа қожалығынан 270,6 тонна аммофос тыңайтқышына сұраныс жолданған. Сондай-ақ, 313 тонна жанаржағармай алуға 16 шаруашылықтан төмендетілген бағамен сұраныс қабылданып отыр
ТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯ – ИГІЛІК БАСТАУЫ
Биыл Индер ауданында 1 630 гектарға егін егіледі. Оның 475 гектарына картоп, 465 гектарына көкөніс, 190 гектарына бау-бақша, 500 гектарына екпелі шөп өсіріледі. Мұнан басқа шаруагерлерге жер жыртып беру мақсатында аудан әкімдігінің теңгеріміндегі ХТЗ150ТК, LUTONG LT1604 техникалары көмекке келсе, 13 трактор, тұқым сепкіш пен тіркеме тартылады. Сонымен бірге, МТЗ-82 тракторы жер тырмалау мен тегістеуге, минералды тыңайтқыштарды себуге, тағы басқа шаруаларға пайдаланылуда. Ш а р у а ш ы л ы қ қ ұ р ы л ы м д а р ы н ы ң а р а с ы н д а егіншілікте мол тәжірибесі бар «Асыл-Агро», «Слава», «Шаңырақты», «Хихимов», «Владимир», «Манас» шаруа қожалықтары меншігіндегі техникаларымен егіндік алқапты көктемгі егіске өз күштерімен әзірлеуде. Соның ішінде, 220 гектар жерді былтырғы қазан-қараша айларында жыртып, дайындап қойған. Қажетті тұқыммен қамтамасыз ету мақсатында атап айтқанда, картоп дақылының 10 түрлі сұрпын көршілес Орал қаласындағы «ОралАгроСервис» ЖШС-інен алатын болып келісіп қойған. Оған қоса, Атыраудағы «Агроәлем» арнаулы дүкенінен көкөніс, бақша дақылдарының тұқымдарын, қалаберді жеміс-жидек ағаштарының көшеттерін қолжетімді бағамен сатып алуда. Аталған шаруашылықтардың барлығында дерлік тамшылатып суару технологиясы қолданылады. А у д а н д ы қ а у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы б ө л і м і н і ң басшысы Тоғайбай Салахатдиновтың сөзінше, соңғы жылдары өңірде заманауи технологияның көмегімен толайым табысқа кенелген шаруагерлердің қатары көбейе түскен. Осылайша, өткен жылдың өзінде ауданда 27 шаруа қожалығы 460 гектар егіндікті тамшылатып суару арқылы баптаса, биыл олардың қатары 38-ге дейін көбеймек. Аудандағы 15 шаруа қожалығы құнарлы мал азығы саналатын көпжылдық екпелі жоңышқа шөбін өсіргелі отыр. Бұл кәсіпті бұрынырақ қолға алған «Асыл-Агро» және «Төлес» шаруа қожалықтары былтыр бірі 80, екіншісі 10 гектар жерге шөп өсіріп, күткендегідей нәтижеге қол жеткізіпті. А у ы л д а с т а р ы н ы ң и г і б а с т а м а с ы н « Ә д і л е т » , «Испусинов» шаруа қожалықтары, «Мол» ЖШС, «Қосымбаев А», «Тәуекел» ШҚ-тары жалғастыруға ы н т а л ы е к е н . Ж а у а п т ы м а у с ы м ғ а к ү н і л г е р і қ а м д а н ғ а н д и х а н д а р ө з г е к е р е к — ж а р а қ т а р ы н с а й л а п қ о ю м е н б і р г е , е г і н г е ш а ш ы л а т ы н м и н е р а л д ы т ы ң а й т қ ы ш қ а д а с ұ р а н ы с т а р ы н беріп қойыпты. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірумен шұғылданатын 12 субъектіге қажетті тыңайтқыштың көлемі 150 тоннаны құрайды. Осы тұста фермерді қинайтын өзекті мәселенің бірі – егіншілікте жұмыс жасайтын еңбек күшінің тапшылығы. Бұл ретте қандай шаруаның да икемін келтіретін индерлік шаруагерлер мұның да орайын келтірген сыңайлы. Нақтылай кетсек, бір ғана Индер ауданының өзінен 15 шаруа қожалығы 215 шетел азаматын жұмысқа тартуға былтырғы желтоқсан айында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырыс берген.
БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ КЕРЕГІ – СУ
Биыл Исатай ауданында 81 гектар жерге егін салынады. Оның 65 гектары малазықтық дақылдары, 10-ы көкөніс, алтауы бақша егістігі. Бұл жұмысқа 9 шаруа қожалығы мен 2 жеке шаруа тартылып отыр. Суды пайдаланушы шаруашылық құрылымдары «Қазсушар» РМК Атырау филиалының төменгі Жайық өндірістік участогімен су алуға келісім-шартқа отырған. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Қыдыржан Ермұхановтың айтуынша, өңірдегі егіндік алқаптардағы жер жырту жұмыстары Қамысқала ауылдық округінен басталыпты. Әзірге 21 гектар жер жыртылып, дайындалған. Ендігі кезекте Тұщықұдық, Жанбай, Зинеден ауылдарында жалғасады. Алдын-ала кесте жасақталып, шаруагерлер хабардар етілген. Атап айтар жайт, дихандарға егістік алқаптарын дайындау үшін Аққыстау ауылдық округінің теңгеріміндегі «Тех-Сервис» ШҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы МТЗ-80 доңғалақты тракторы пайдаланылуда. Ол жер жырту, тырмалау жұмыстарын жүргізеді.
СУБСИДИЯ БЕРУ ЖАЛҒАСАДЫ
Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Тілек Әміровтің айтуынша, облыста көктемгі дала жұмыстарына 353 шаруашылық құрылымы мен 780 бірлік техника қатыспақ. Сұранысқа сәйкес, 1 200 тонна тыңайтқыш жеңілдетілген бағамен сатып алынбақшы. Оның бір бөлігі жеткізіліп те қойылған. Соның ішінде, 335 тонна аммиак селитрасы «ҚазАзот» мекемесінен тікелей алынатын болып келісілген. Одан өзге, ауыл шаруашылығы техникалары тұтынатын 600 тонна дизель отыны жеңілдетілген бағамен бөлінген. Яғни, шаруагер оны өз күшімен тасып алған жағдайда бір литрі 187 теңгеге сатылса, ал әлеуетті жабдықтаушы жеткізіп берсе, оның құны 190 теңгені құрайды. Суды үнемдегіш технологияның көмегімен күтілетін егістік алқаптарының көлемі 4 625 гектарға немесе 112,7 %-ға ұлғайтылады. Мұның 3 429 гектарына тамшылату, ал 1 376 гектарына жаңбырлатып суару технологиясы қолданылады. Облыстағы 14 суарусуландыру жүйесінің бәрі дерлік канал арналарын толтырып, егістік алқаптарға су шығаруға дайындалуда. Жылдағыша су жеткізу шығындарын, тыңайтқыштар мен өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын пестицидтер мен басқа да препараттардың құнын, тұқым сатып алуға жұмсалған шығынды субсидиялау жалғасады. Биыл облыс бойынша егістік жердің көлемі 9 616 гектарды құрайды. Бұл былтырғыдан 150 гектарға артық. Ауа райының қолайсыздығына, топырақ қабатындағы ылғалдылық деңгейімен тиісті нормаға сәйкес келмеуіне байланысты көктемгі дала жұмыстарының уақытынан кештеу басталып жатқаны да даусыз. Бүгінде егіндіктің айналасын қоршау, су жүйелерін қалпына келтіру, өсірілетін дақылдардың көшеттерін отырғызып, тұқымын егуге әзірлік жүргізу шаралары қолға алынуда.
ЕРІНГЕННЕН ЕГІНШІ ШЫҚПАЙДЫ
«Күннің жаманы кетер-ау» демекші, ауа райы да жақсарып, жағдай да оңалар. Алайда, қашан да алдымыздан көлденең шығар, «әттеген-ай» дегізер бір жайттың барын жасыра алмаймыз. Еккен егінінен өнжеулі өнім ала алмай, еңбегі еш кетіп, маңдай терінің өтеуін көре алмай отырғандар қаншама? Өйткені, өзіміздің еккен егініміздің рахатына кенелу үшін мехнатын көріп еңбек етуге көнгіміз жоқ. Осылайша, қаракөздеріміз бұл шаруаға кегежелері кейін тартып, беттерінен басып жүргенінде еңбегіне еселеп ақы төлеп, шеттен келгендерді «аттың пұлына» жалдап алатын күнге жеттік. Шымбайымызға бататыны да осы Ал, ерінгеннен ешқашан да егінші шықпайтыны кәміл. Оның үстіне, маусымға қатысады деп күтіліп отырған 450 трактор мен 330 ауыл шаруашылығы машиналарының саны анық болғанымен, дайындығы сақадай-сай еместігін жасырудың жөні жоқ. Қолдағы барының біразы ескіріп, тоза бастаған. Ақаулысын жөнге келтіріп, ауыстыратын қосалқы бөлшектері де тапшы, сатып алуға қымбат. Жаңасын алуға несие мен субсидия мәселесінде де кейбір қиындықтар жоқ емес. Сайып келгенде, осының бәрі жауапты науқанды уақытылы бастап кетуге қиындық тудырып, қолбайлау болуда.
Дәулетқали АРУЕВ