МҰНАЙ ӨНІМІ МОЛАЯДЫ

1541483509 zh490 800x480 1 Жаңалықтар

    Ел экономикасының басты доноры саналатын мұнайды өндіру көлемі  ұлғаяды

Ақпарат көздерінен де белгілі, Энергетика министрлігі үстіміздегі жылы Атырау облысында 48,5 миллион тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Оның негізгі 26,5 миллион тоннасын «Теңізшевройл», 16,2 млн.тоннасын «НКОК», ал қалған 2,5 млн.тоннасын «Ембімұнайгаз» компаниялары өндіреді. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Ақбөбек Шарғабаевадан білгеніміздей, бұл  жоспар сөз жоқ орындалады.  

   Жалпы, өндірістің қалыпты қызмет етуі сыртқы және ішкі факторларға тікелей байланысты. Одан өзге мұнай мен газ өндіруді аталған ведомство ОПЕК- ұйымының келісімімен реттейді. 

    Өткен жылы облысты 47,8 миллион тонна мұнай өндірілді. Ал, республикадағы мұнай өндірісі көлеміндегі облыстың үлес салмағы 55,7 пайызды, ілеспе мұнай газы өндірісіндегі үлесі 76,4 пайызды құрап отыр.  Мұнай компаниялары осы жылдың қаңтарында да қаңтарылып отырмай, 4,5 миллион тонна мұнай өндіріп үлгерген. Бұл туралы  «Nur Otan»  париясының Атырау облыстық филиалы жанындағы «Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау» жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында айтылды.  Жиында партияның  Сайлауалды бағдарламасында  белгіленген мұнай көлемін 2022 жылы 43 млн. тоннаға дейін және мұнай-химия өндірісі көлемін 2020 жылғымен салыстырғанда 19,7%-ға ұлғайту  мәселелері қаралған еді. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Ақбөбек Шарғабаева белгіленген меже «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc»  ЖШС-нің жаңа жобасы жүзеге асқанда орындалатынын айтты.

 – Мұнайгаз-химия өндірісі тікелей Энергетика министрлігінің бақылауындағы жобалардың жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Осы жылы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc»  ЖШС-нің өндірістік қуаты жылына 500 мың тонна болатын полипропилен өндіру жобасын іске қосу жоспарлануда. Бүгінгі күні аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуе. Қазір зауыттың  технологиялық жүйелерін қосудың алдына ала жұмыстары жүріп жатыр.  Жоба жоспарға сай іске қосылып, АМӨЗ, ТШО, НКОК, компанияларының қызметі тұрақты жүзеге асырылса, көрсеткішке қол жеткізіледі, – дейді  ол.  Тақырыпқа тұздық болсын,айта кетелік,  Атырау мұнай өңдеу зауыты Энергетика министрлігінің тапсырмасы бойынша сәуір айынан бастап тек отындық режимде мұнай өнімдерін шығарды. Ал, мұнай-химиия өнімдері өндірілмеген еді. Жыл басынан бері 7,5 мың тонна бензол мен 52,0 мың тонна параксилол өндірілді. 

    Бұдан өзге, партия мүшелері Теңіз кенішіндегі үшінші жобаның құрылысына жергілікті үлесті қамтуды арттыру, тауар өндірушілерді қолдау бағытындағы жұмыстардың барысын да талқылады. Партиялықтардың жергілікті қанша тауар мен қызмет сатып алынғаны туралы сұрағына жауап табылмады, бұл сұрақтар кәсіпкерлік басқармасының құзыретіне кірмейді. 

   «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. Офшор компаниясының атқарушы директоры Орақ Бисембиев, «Сенімді құрылыс» ЖШС бас директорының орынбасары Жазира Қалиевалардың айтуынша,  тапсырыс беруші ТШО, NCOC  компаниялары өздерінің сапа критерийлеріне сәйкес тауарлар мен қызметтерді өздері таңдап алады. 

   Отырыс барысында жергілікті компаниялар тауарларының өтімділігін арттыру  үшін осы ТШО, NCOC секілді  компаниялардың сатып алу бөлімінің мамандары мен  бас мердігерлерді жинап, аталған мәселені егжей-тегжейлі талқылау қажеттігін баса айтты. 

    Мұнай-газ секторы бойынша сұрақ көп, жауап жоқ. Партиялықтар оларды анықтауға шешім қабылдады. 

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз