Елбасы Атырау облысындағы мұнай өнеркәсібі қызметкерін марапаттады

9156ed53 ca39 4e73 90d1 7f7f3256cab2 Жаңалықтар

Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері Руслан Қуатовқа берілді.

9156ed53-ca39-4e73-90d1-7f7f3256cab2

Сонымен қатар, аталған мемлекеттік наградаға ие болып, «Еңбек Ері» атанғандар –

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционрелік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және «Жақсылық» ШҚ басшысы Жақсылық Үшкемпіров (Алматы облысының Жамбыл ауданы).

Руслан Қуатов 1962 жылдың 22 ақпанында Атырау облысында дүниеге келген. «Теңізшевройл» ЖШС мұнай өндіру технологиясы бөлімінің менеджері болып қызмет атқаратын  Руслан Тұржанұлының мұнай-газ саласындағы еңбек өтілі 33 жылды құрайды. Ол – шетелдік компанияның басшылық құрамына қызметке тағайындалған алғашқы қазақстандық мамандардың бірі.

Мұнай және газ саласының білгір маманы әрі сарапшы «Теңізшевройл» ЖШС-нің жетістіктерімен мақтана алады. Қазақстандық мұнайшылар шетелдік білікті мамандарды алмастырып, жауапты басшылық лауазымға тағайындалып жатыр. Солардың бірі, осы саланың майталманы – Руслан Қуатов. Еңбек жолын Балықшы мұнай-газ барлау экспедициясында бастаған ол мектеп кезінен бастап мұнай-газ саласына ерекше қызығушылық танытқан. 1993 жылы Қазақстандағы мұнай кен орындарының бірін игеру үшін шетелдіктермен бірлескен кәсіпорын құрылып, Руслан Қуатов  «Теңізшевройл» ЖШС-не шақырылады. Жұмысты бас маман болып бастаған ол білімі мен тәжірибесінің арқасында кейін шетелдік маманды алмастырып, басшылық қызметке тағайындалады.

«Мұнай өндірісіндегі техникалық жабдықтардың жұмысын қамтамасыз етуде Руслан басқаратын топтың маңызы ерекше. Білікті басшы. Қызметкерлерге ылғи да ағалық қамқорлықпен қарайды», – дейді Руслан Қуатовтың әріптесі Майкл Пиллоу.

Гүлжан ӘМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз