ECA85487 3C05 47F1 A02F

Заңсыз мұнай айналымына жол бермейік!

Жаңалықтар Экономика Қоғам Құқық

Бүгінде мұнай-газ саласында заңбұзушылықтар көптеп кездесуде. Республика аумағында мұнай және мұнай өнімдерін (дизель отыны, табиғи газ және басқа)  ұрлау, заңсыз тасымалдау және сатумен айналысатын қылмыстық топтар Атырауда да құрықталып жатыр.

ECA85487-3C05-47F1-A02F-2632C0BF20A1_cx0_cy6_cw0_w1023_r1_s

Ұрланған мұнайды өзге компанияларға заңсыз сатып, өздеріне ірі көлемде пайда тапқандардың біразы әшкереленген. Қазір де Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметкерлерімен қылмыстың алдын алу, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу» дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 197-бабымен қылмыстық жауапкершіліктің көзделгендігін де айта кеткен жөн.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған