Жарнама
Экономика

Салық төлеу процесі жеңілдетіледі

Қазақстан экономикасында 2026 жылдан бастап шағын қызмет көрсету нарығына айтарлықтай әсер ететін маңызды өзгеріс енгізіледі. Бұл өзгеріс өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға салық төлеу мен есеп жүргізу тәртібін жеңілдетіп, көлеңкелі экономиканы азайтуға бағытталған. Бұл туралы атыраулық салық кеңесші Нұрсұлтан Әуелбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Келесі жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексінде «өзін-өзі жұмыспен қамту» (самозанятый) режимі қарастырылған. Бұл бастама такси жүргізушілерінен бастап, пәтерді жалға берушілерге, автотұрақ қызметкерлеріне және бірқатар басқа да жеке қызмет көрсетушілерге қолданылады.

Жаңа режимнің негізгі артықшылығы – кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелудің (ЖК/ИП ашудың) немесе патент рәсімдеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу, есеп тапсыру және салық есептілігін ұсыну міндеті алынып тасталады.

Салық төлеу процесі жеңілдетілген. Ол үшін арнайы мобильді қосымша арқылы айлық табыстың 4 пайызын ғана төлеу жеткілікті. Бұл мөлшерлемеге зейнетақы жарналары, әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыру төлемдері кірмейді, сондықтан жалпы жүктеме төмендейді.

Алдағы уақытта Үкімет «рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімін» бекітеді, яғни бұл режимді қандай қызмет көрсетушілер пайдалана алатыны нақтыланады.

Экономикалық тұрғыдан алғанда, бұл өзгеріс көлеңкелі экономикадағы көптеген қызмет түрлерін заңдастыруға, салық базасын кеңейтуге және шағын қызмет көрсету секторында ресми табыс есебін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер үшін әкімшілік ауыртпалықтың азаюы – олардың нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Алмас ҚАБДОЛ

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button