
Құрыш қолдың таңбасы
* Тамыз айының екінші жексенбісі – Құрылысшы күні
Мемлекеттің өсіп-өркендеуі мен халқының тұрмыс деңгейікөтерілуінің басты көрсеткіштерінің бірі – құрылыссаласының дамуы. Мұны Президент Қасым-ЖомартТоқаевтың өзі де жыл сайынғы қазақстандықтарға арнағандәстүрлі Жолдауында айтып жүр. Соңғы жылдары Атырау облысында экономиканың басқа салаларымен қатарқұрылыс та қарқын алып, қарыштап дамып келеді. Тек биылғы алты айда облыстағы құрылыс жұмыстарыныңауқымы былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегіден екі есегеартқан. Негізгі капиталға салынған қаражат көлемі, әсіресежеке инвестицияның үлес салмағы едәуір өсіпті.
Тамыз айының екінші жексенбісінде атап өтілетін кəсібимереке – Құрылысшылар күні қарсаңында саладағыжұмыстарды саралап көргенбіз. Мұнда жекеменшік тұрғынүй құрылысының алар орны айрықша. Өйткені, ол – халықтың əл-ауқатының жақсарып, əлеуетінің артқандығынайғақтайтын көрсеткіш.
Әлеуметтік салаға басымдық
Биыл облыстың білім беру саласында жалпы сыйымдылығы2284 орындық 4 мектептің құрылысы аяқталды. Атапайтқанда, Мұқыр ауылында (Қызылқоға ауданы) 424, Құлсары қаласында (Жылыой ауданы) 580, Береке шағынауданында (Атырау қаласы) 1200 орындық білімұялары жаңадан салынып, Индербор кентіндегі (Индерауданы) Көктем орта мектебінің 80 орындық жапсаржайыпайдалануға берілді. Қазір Жылыой, Индер, Махамбет, Исатай аудандарында жəне қалада 3070 оқушыны қамтитын7 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Мұның сыртында республикалық бюджет есебінен Атырау қаласында әрқайсысы 600 орынға есептелген 4 мектеп пен Индер ауданында 300 орындық мектеп-интернаттыңқұрылысы басталды.
Денсаулық сақтау саласында жыл басынан бері үшнысанның құрылысы аяқталды. Бұлар – Құрманғазыауданының Асан ауылындағы 25 келушіге арналғанмедициналық пункт, облыстық перинаталды орталықтыңжанынан ашылған кір жуу орны жəне Құлсарыдағы 200 төсектік инфекциялық аурухана. Ал, облыс орталығындаБереке шағынауданында тағы бір дəрігерлікамбулаторияның құрылысы басталып кетті.
Спорт саласы бойынша былтыр Махамбет, Жанбайауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру жəне Мақаткентінде көпбейінді спорт кешендері пайдалануға берілді. Осы үрдіс биыл да жалғасып, бүгіндері облыс бойыншабарлығы 10 спорт нысанының құрылысы пайдалануғаберілді.
Жыл өткен сайын облыста рухани саланың əлеуетінарттырып, материалдық-техникалық базасын нығайтуға да баса назар аударылып отыр. Тек биылдың өзіндеҚұрманғазы мен Махамбет аудандарының үш ауылындатиптік жобадағы мəдениет үйі салынып жатыр. Сарайшықауылындағы «Сапар орталығының» құрылысы да қарқындыжүруде.
Қаржылай қолдаудың қайтарымы
Ерекше атап өтер жайт, соңғы кезде облыста мұнай-газ компанияларының демеушілігімен салынатын нысандардыңсаны көбейді. Былтыр «Каспий құбыр консорциумы-Қ» акционерлік қоғамының қаражатына Атырау қаласында 25 орындық жасөспірімдер үйі мен отбасылық үлгідегі балаларауылы салынып, пайдалануға берілгені белгілі. Ал, биылNCOC компаниясының «Əлеуметтік инфрақұрылымдықжобалар» бағдарламасы аясында Құлсары қаласында үшқабатты 60 пəтерлік үй құрылысы басталса, Аққыстау, Миялы, Махамбет, Құрманғазы ауданының Кадыркаауылдарында жəне Доссор кентінде де осындай нысандарсалу жоспарланған.
– Кейінгі кезде облыста тұрғын үй, əлеуметтік нысандарсалумен шектелмей, өндірістік, өзге де сəулетті ғимараттарқұрылысымен айналысатын, бұл салада тəжірибесі мол, айрықша қолтаңбасы бар компаниялардың да саны өсіпкеледі. Əсіресе, «БатысАльянсСтрой», Атырауремстроймонтаж» секілді кəсіби шеберлігі жоғарыұжымдарды атап өткен жөн. Қазына қаржысына салынатынəлеуметтік жəне инфрақұрылымдық нысандардың дені – осы компаниялардың еншісінде. Уақыт талабына сайзаманға лайықты технологиямен жұмыс жасайтын, техникалық жағынан толық жарақтандырылған, біліктімамандармен қамтылған мұндай компаниялар жұмысыныңқашан да сапалы, жұмсалған қаражаттың қайтарымыболарына сенім мол, — деді облыстық құрылыс, сәулет жәнеқала құрылысы басқармасының басшысы НұрбергенҚұсайынов.
Басты назарда – баспана
Қай уақытта да баспана басты назарда тұрған мәселе. БиылNCOC компаниясының қаржыландыруымен облыста 60 пәтерлік үш қатарлы 4 үйдің құрылысы қарқынды жүріпжатыр. Қазір Махамбет ауданындағы (мердігері – «Ка Строй ЛТД» компаниясы) және Исатай ауданының Аққыстауауылындағы («КАЕС Строй КО» ЖШС) үй толық салыныпбітсе, Мақат ауданының Доссор кентіндегі(«СамалНефтьСтрой» ЖШС) үй 69 пайызға, Құрманғазыауданы Кадырка ауылында «Бек и КО» ЖШС салып жатқантұрғын үй құрылысы 79 пайызға аяқталып тұр.
Ал, NCOC компаниясының қаржыландыруымен Атырау қаласында саябақтың құрылысы басталды. Қазір «Нұрсәт» ЖШС-нің мердігерлігімен жұмыстың 60 пайызы аяқталған. Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылында да көппәтерлі бір үй биыл пайдалануға берілген.
Атырау облысында биыл 753,902 мың шаршы метр тұрғынүйді пайдалануға беру жоспарланыпты. Жылдың біріншіжартысында облыста жалпы ауданы 257,329 мың шаршыметр тұрғын үй тапсырылған. Былтырғы жылдың сәйкескезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 108,4% болғанекен.
Құрылыстың дамуы – әлеуеттің көтерілгені
Қашан да құрылыстың қарқынды дамуы әуелі негізгіқұрылыс материалдары өндірісімен жəне оныңтасымалымен тікелей байланысты. Өткен екі жылда елдебелең алған пандемия бұл салаға да салқынын тигізіпті. Қажетті материалдар уақытында жеткізілмей, оның үстінеимпорттық тауарлардың бағасы қымбаттап, сəтті басталғанқұрылыстар кешеуілдеп те қалған. Бұл құрылыс-монтаж жұмыстарының қарқынын əжептəуір кідіртті. Маңыздыжобалардың межеленген мерзімінде тапсырылмай қалуқаупі туындады.
Ахуалды оңалтып, қордаланған проблеманы шұғыл шешумақсатында Үкімет елдің құрылыс материалдарынарығындағы қиын жағдайға байланысты, басталғанжобалардың сметалық құжаттамасын қайта түзетіп, ішінараөзгерістер енгізуді ұйғарды. Материалдардың басымбөлігінің өзге өңірлерден тасымалданатыны ескеріліп, бірінші кезекте керекті инертті материалдар – темірбетондыжəне металды құрылғылар мен бұйымдар өндірісін жолғақою міндеттелді. Бұл жобаның құнын төмендетіп, бағанытүсіруге, бюджет қаржысын үнемдеуге септігін тигізгеннақты қадам болды.
Жайық пен Қиғаш өзендеріндегі түп тереңдету, Каспий теңізінің тамағын тазалау жұмыстары да тиянақталды.
Бүгінде елдің мұнайлы орталығы атанған Атырау қаласының ажар-көркі күн санап жақсарып келеді. Облыстың шалғай аудандары мен ірі елді мекендері де заман талабы мен уақыт үрдісінен қалыс қалған жоқ. Заманауи жобалық үлгідегі сәулетті ғимараттар мен кең де жарық тұрғын үй кешендері, жасыл желекпен көмкерілгендемалыс саябақтары мен көп жолақты даңғыл жолдар – сәулетшілер мен құрылысшылардың ерен еңбегініңнәтижесі, олардың құрыш қолдарының таңбасы.
Дәулетқали АРУЕВ