Базалық мөлшерлеме – 15 пайыз

  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі +/-1% дәлізімен базалық мөлшерлемені 15 пайызда сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл қаржылық тұрақтылықты қалыптастыруға септігін тигізбек. Демек, теңгедегі активтерге деген сұранысты қолдап, болашақта орта мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет. Халықтың шетел валютасын сатып алудан гөрі, сатуға әуестігі байқалады. Үстіміздегі жылы жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттері 72, заңды тұлғалардыкі 53 пайызға төмендеді. Былтырға қарағанда, ұлттық валютадағы несие көлемі де ұлғая түсті. Ал, инфляция деңгейі тұрақты. Қатысушылардың 37,7 пайызы келесі жолы да бағаның сол деңгейде сақталуын күтеді. Алайда, ішкі сұраныстар өсімді тежеуде. Биыл базалық салалар бойынша экономикалық даму деңгейі айтарлықтай төмендеді.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз