Экономика
Қосылған құн салығы көтерілмейді – Олжас Бектенов
Үкімет басшысы Олжас Бектенов қосылған құн салығының өспейтінін мәлім етті.
«Қосылған құн салығының ставкасы көтерілмейді. Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі республикалық бюджеттің шығыс және кіріс бөлігін сапалы жоспарлауды қамтамасыз етуі керек», — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.