Жарнама
Экономика

Қазақстандық инженерлерге сұраныс көбейді

Тәуелсіз мемлекетіміз өзін «қара алтынмен» жеткілікті деңгейде қамтамасыз етуі үшін өндіріс көлемін арттыруға мүдделі болуы тиіс. Ол үшін ең алдымен кәсіби біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандар болуы шарт. Өйткені, қай компания болмасын жақсы жетістіктерге қол жеткізуі үшін адами капиталға айрықша назар аударады.

Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Тілеуқабылұлының айтуынша, әлемдегі мүйізі қарағайдай кәсіпорындарда еңбек етіп жатқан қазақстандықтардың қатары артып келеді. Бұл нені білдіреді? Яғни, нарықта отандық кадрлардың өз орны бар.

–Менің білуімше, соңғы жылдары Норвегияның ірі мұнай-газ кәсіпорындарында еңбек етіп жатқан қазақстандық инженерлер көбейген. Шетелде жұмыс істеу біздің кадрларымызға білім мен тәжірибе жинақтап, оны өз елімізде кәдеге асыруға мүмкіндік берері сөзсіз. Бұл – қазақстандық нарықтың әлеуетін арттыруға, озық технологияларды өндіріске енгізуге оң әсер етері хақ.  Шындығында, сапалы кадр компанияның капиталын өсіреді. Әрине, көпшілік шетелге қызмет етуге кетіп жатқан мамандарға қатысты көп сын айтып жүр. Меніңше, ол – қазақстандық мамандар үшін білімдерін жетілдіре түсу үшін үлкен баспалдақ деп есептеймін, — дейді Олжас Тілеуқабылұлы.

Айбөпе САБЫРОВА

Толығырақ «Атырау» газетінің №32 санынан оқи аласыздар

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button