Жарнама
Экономика

Қазақстанда серіктестікті жарты сағатта тіркеуге болады

Бүгінгі күні, заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік корпорация көрсететін мемлекеттік қызметтерден заңды тұлғаларды тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін) есептік тіркеу бойынша Мемлекеттік қызмет «электрондық үкімет» веб-порталында (адами фактордың қатысуынсыз) толтырылатын электрондық хабарлама беру арқылы толық автоматтандырылған.

Мысалы, ЖШС ашу үшін жаңа бастаған кәсіпкерге жарғы қажет емес, тіркеу жарнасын төлеудің немесе салыққа барудың қажеті жоқ. Тек компьютер мен электрондық цифрлық қолтаңба қажет. ЖШС тіркеу үшін egov.kz арұылы егер сіз нұсқауларды орындасаңыз, 30 минуттан аз уақытты жұмсайтын боласыз.

Мәселен, шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға құрылтайшы (құрылтайшылар) ҚР ӘМ белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Электрондық хабарлама «электрондық үкімет» веб-порталында толтырылады және беріледі.

Бұл ретте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.

Тиісті өрістерді толтырғаннан кейін, жүйе барлық деректердің дұрыстығын тексеруді сұрайды. Егер бәрі дұрыс болса, жүйе ақпаратты өңдейді және ЖШС тіркеу туралы анықтаманы (ең көп дегенде) 30 минуттан кейін береді. Егер портал жақсы жұмыс істесе, анықтама 10 минуттан кейін дайын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button