orman

Орман – ел байлығы

Экономика
5 / 100

Облыста орман шаруашылығына маманданған
бірнеше мекеме жұмыс жасайды. Солардың бірі –
«Атырау орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесін
қорғау мекемесі» коммуналдық мемлекеттік кəсіпорны
осыдан үш жыл бұрын құрылды.

Мекеме басшысы Жанəділ Мұратуллиннің айтуынша, 2018 жылы орма өсірілуі жоспарланған алқаптарды керекті көшеттермен
қамтамасыз ету мақсатында арнайы тұқымбақ жасақтау
қолға алынған. Мерзімі 10 жылға есептелген жобада
Атырау қаласы мен оның маңында «Жасыл белдеу»
қалыптастыру жоспарланыпты.
– Бұл жөнінде өңірімізде жұмыс жасап жатқан ірі
табиғат пайдаланушы кəсіпорындармен Меморандум
жасақталды. Соған сəйкес, сол компаниялардың
қатысуымен көгалдандырылатын учаскелер анықталды.
Ағаш көшеттерін отырғызу кестесінің орындалуына
жауапты тұлғалар белгіленіп, бекітілді, – дейді Жанəділ
Тілекқабылұлы.
Атмосфералық ауаға зиянды заттарды шамадан
тыс мөлшерде шығаратын, қоршаған ортаға тарататын негізінен мұнай-газ өндіруші жəне өңдеуші
кəсіпорындар болып табылады. Ірі кен орнын пайдаланушылар табиғатқа келтірілген залалдың орнын толтыруы тиіс. Міне, осы ретте «Теңізшевройл»,
«НортКаспианОперейтингКомпани», «Ембімұнайгаз»
жəне «Атырау мұнай өңдеу зауыты» компаниялары
өздеріне бекітілген учаскелерінде «Жасыл белдеудің»
жоспардағыдай жасақталып, орман алқабының бой
көтеруіне үлестерін қосуға міндетті. Болашақта бұл
кəсіпорындардың күшімен өсірілген орманды алқаптар
тиісті мекемеге сенімгерлік басқаруға беріледі. Алдағы
жылдан бастап, ұзақ мерзімді жоба шеңберінде шаһар
маңында «Жасыл белдеуді» қалыптастыруға күш салынады.

Сіз не дейсіз?

Назгүл ЖҰМЕКЕЕВА,
Атырау орман шаруашылығы жəне жануарлар
дүниесін қорғау мекемесінің орман қорын молайту
жөніндегі шебері:

– 1987 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтын
орман шаруашылығы факультеті бойынша бітіргеннен
бері осы салада еңбек етіп келемін. Өзім қалаған кəсіпті
əркез мақтан тұтамын. Осы мамандықты таңдауыма саналы ғұмырының 40 жылын орман шаруашылығы саласына
арнаған əкем Құрманбай Жұмекеевтің тікелей ықпалы
тиді деп санаймын.
Бүгінде мемлекеттік мекемедегі қызметімнен бөлек,
«Аяулым» атты шаруа қожалығының құрамында да
жұмыс жасаудамын. Басты бағытымыз – орманды
алқаптарға отырғызылатын көшеттерді өсіру. Осылайша,
санаулы жылдардың ішінде өзіміздің тұқымбақта
өсірілген 200 мың түп көшетті бөлінген учаскелерге орналастырып үлгердік. Бұлардың ішінде табиғатқа əсемдік
сыйлайтын сəндік ағаш түрлері де бар. Одан бөлек, үй
маңындағы ауласының жəне ғимараттарының айналасына
ағаш өсіруге ниетті тұрғындар мен мекеме-ұйымдардың
да тапсырысын орындаймыз. Осындай игі бастаманы
жалғастыру ісінде барша атыраулықтарды белсенділік
танытуға шақырамын. Өйткені, ол біздерге ғана емес,
ұрпақтарымыз үшін де қажетті іс. Тек сондай көзқарас
танытып, осыған əрбір тұрғын түсіністікпен қарағанда
ғана, жасыл желектің жанымызға сая болары сөзсіз.

Дəулетқали АРУЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған