Жарнама
Экономика

QazaqGaz бен PetroChina биыл Қытайға газ жеткізуді ұлғайтады

“QazaqGaz” ҰК басшысы Санжар Жаркешов пен PetroChina International компаниясының директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы У Цзюньли табиғи газды сатып алу-сату жөніндегі үш жылдық келісімшартқа қосымша келісімге қол қойды. Бұл туралы NRG_Monitor Қазақстанның энергетика саласына қатысты ақпараттық-талдамалық арнасы хабарлады.

Жаңа қадам 2025 жылы Қытайға газ экспортының көлемін арттыруға мүмкіндік береді және Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласындағы стратегиялық әріптестікті растайды. Қазақстанның газ саласы өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға сенімді ресурс жеткізушісі ретінде қызмет етуде.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button