«Теңізшевройл» мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға арттырады

00071f17 604f 43b6 801a 88952a5748cd Экономика

Қазақстанда «Теңізшевройл» кәсіпорны мұнай өндіруді 12 миллион тоннаға дейін арттыруды жоспарлауда,- деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара барысында мәлімдеді.

Сондай-ақ, әкім Атырау облысында жүзеге асырылып жатқан мұнай-газ саласын дамыту жобалары туралы айтып берді.

  • Қазақстанда алғашқы ірі инвестиция Теңіз кен орнынан басталды. 1993 жылдың сәуір айында Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен Шеврон компаниясы жас мемлекеттің мұнай-газ саласын дамытуда жаңа кезеңнің бастауы болған «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы тарихи келісімге қол қойылды. Осынау жылдар ішінде Теңізде жылдық мұнай өндіру 30 есеге артып, 29 млн.тоннаға жетті. Барлығы 500 млн. тоннадан астам мұнай өндіріліп, 100 млрд. доллардан астам инвестиция тартылды. Қазіргі уақытта «Теңізшевройл» болашақ кеңейту жобасының құрылысын жүзеге асыруда. Жоба Теңіз кен орнында мұнай өндіруді жылына 12 миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік береді,- деді Махамбет Досмұхамбетов.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз