Жарнама
Экономика

Қаржылық сауаттылықтың қалыптасу жолы

Абай орталығында атыраулық жастар «Өркениет» жобасы аясында кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық бойынша кәсіпкер-коуч, ментор Роза Әшірбаевамен кездесті. «Сен жалғыз емессің» кітабының авторы, қаржылық блог жүргізіп жүрген Роза ханым ақша табу және үнемдеудің қарапайым ережелерімен бөлісті.

– Басым көпшілікте қаржылық сауат жоқ деуге болады. Қазір қыз-келіншектердің дені жетістікке жетемін деп әр курстың басын бір шалып жүр. Олар бір айда «балалық травмалардан» құтылып, бір айда «аффирмация» айтып бүкіл мәселем шешіледі деп ойлайды. Бірақ, нәтиже жоқ! Нәтиже болуы үшін стратегиялық даму қажет. Әр адам табыстың кіріс-шығысының айырмашылығын сезініп, дұрыс жарата алса – қаражатты басқарып үйренуге алғашқы қадам осы, — деген бизнес-тренер ақшаға деген әдеттер негізінен 8 жасқа дейін қалыптасатынын айтады.

Әрине, тәрбиенің талбесіктен басталатыны белгілі. Отбасында баланың көріп-естігені оның санасына сіңіп, болашақ қадамдарына әсер етеді екен. Бизнес-тренердің айтуынша, мектеп қабырғасынан балаларға қаржылық сауаттылықты үйретсе, еліміздің экономикалық болашағы да зор болмақ.

– Алдыңғы толқын кейінгі жастарға тәрбие беруден бұрын, өздері үлгі болғаны жөн. Бала бәрібір ата-ананы қайталайды. Оларға үлгі болатын мысал ситуациялар, шешімдер, таңдаулар жасаған сайын балада ұғым пайда болып, қоғамдағы өз орнын табуға септігін тигізеді, — деп тұжырымдайды Р.Әшірбаева.

Кездесуге келген жастар сауалдарын қойып, қаржылық мақсаттарға жету, стратегия құру, кіріс-шығысты дұрыс есептеу, жоспарлау, мақсаттарға жету жолында шығынсыз немесе аз шығынмен табысын арттыру туралы толыққанды ақпарат алды. Мұндай шара Жылыой, Мақат аудандарында да өтті.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button