Жарнама
Экономика

Қамыс өрті кезінде зауыт қалыпты режимде жұмыс істеді

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС биылғы 13–19 маусым аралығында кәсіпорынның тұрақты технологиялық режимде жұмыс істегенін ресми хабарлайды. Кәсіпорында апаттық өшулер немесе өндірістік ақаулар болған жоқ. Бұл туралы аталған зауыттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, 13–16 маусым күндері қалада оңтүстік-батыс бағыттағы жел басым болды. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың 13 маусымы күні сағат 13:50-де Еркінқала ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында қамыс өрті тіркелген.

16 маусымға қараған түннен бастап желдің бағыты солтүстік және солтүстік-батысқа, яғни қаладан зауытқа қарай ауысты. Атап өткен жөн, зауыт бұл кезде де штатты режимде жұмыс істеді. Өндірістік процесте қандай да бір апат тіркелмеді.

Яғни, 13–19 маусым аралығында зауыт өз қызметін белгіленген нормативтерге сәйкес жүргізгендігіне назарларыңызды аударамыз. Қоршаған ортаға ластаушы заттарды шығару және газдарды алау жүйесіне жіберу фактілері болған жоқ.

Әлеуметтік желілер мен жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында таралған «АМӨЗ» ЖШС-нің қамыс өртіне сонымен қатар, ауа ластануына қатысы бар» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

БАҚ өкілдері мен жұртшылықты тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз.

Қазір кәсіпорынның жұмысында іркіліс жоқ. Өндіріс тұрақты режимде жұмыс істеп тұр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button