Жарнама
Экономика

ӨТКЕН КҮНДЕ КӨП БЕЛГІ

Дегенмен, ұлттық валютаны айналымға енгізудің көптеген рәсімдік өзгешеліктері болды: оны халыққа қолма-қол беретіндерге дейін жеткізу, кеңес рублін жаңа валютаға айырбастау уақытының шектеулі мөлшері, бір адамға немесе бір кәсіпорынға арналған айырбастау лимиті. Ақшаны айырбастау коэффициенті 1993 жылы бір теңгеге 500 рубль болды.
Ақша айырбастау жұмыстары өте ауқымды көлемде, қысқа мезгілде және жоғары жауапкершілік жағдайында жүргізілді. Бірнеше күн ішінде облыс бойынша айналымда жүрген 1961-1992 жылдар үлгісіндегі 19,4 млрд. сомдық банкноттар айналыстан шығарылып, оларды 38,8 млн. теңге сомасына айырбастау жүргізілді.
Ақша белгілерін қабылдау,айырбастау үрдісін жүргізу барысында банк саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен еңбек майталмандары С.Мұқанов, Г.Дошекенова, Б.Бисенғалиева, Қ.Төребаев, Ш.Қанатов, Р.Жәрдемов, К.Сариева, Х.Кузнецова, Ж.Жарылғапова, Қ.Ташекенов, Ғ.Шахманов, А.Мадиева, Қ.Суфальдияров, Н.Зияшев, Ә.Сатекова, Р.Есқаиров, Р.Уайысова, М.Аязғалиева, Б.Сүйінов, С.Шегрековалардың, сонымен қатар негізгі жұмыс ақша санауда елеулі үлес қосқан кассирлер Н.Дюсенақова, А.Ишанғалиева, Қ.Лұқсанова, К.Дүйсенақова, Г.Дәріжігітова, А.Ескужиева, А.Қаламғалиева, Ф.Әлиева, Г.Лезовалардың еңбектері өлшеусіз болды.
Сонымен қатар, ақша алмастыру жұмысын жүзеге асыру барысында, екінші деңгейдегі банк филиалдары басшылары А.Бекешев, Ғ.Мыңбаев, Қ.Құрманғалиев, Қ.Мырзабаева, М.Бұқтыбаев, Б.Тоқмамбетов, Р.Ким, Ж.Талаев, Б.Сабыров, Қ.Дюсенова, Қ.Ахметова, Ж.Көшеновтер екі-үш ауысымда жұмыс жасай отырып, халықтан кідіріссіз ақша қабылдауда үлкен шыдамдылық көрсетіп, нәтижелі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.
Облыс көлеміндегі барлық қабылданып саналған бума купюраларын Орталық банкке тапсыру міндеті қазіргі таңда Ұлттық банкі Атырау филиалында белсенді жұмыс жасап жүрген кассирлеріміз З.Сұңғатова, Б.Қалиқова және сол мезгілде жұмыс жасаған инкассаторларымыз Б.Өтешқалиев, Ғ.Ахметжанов,Ә.Ақашевқа жүктелді. Осы адамдар арнайы ұшақпен барып, жүктелген міндетті сәтті орындады. Бұл жағдайлар – осыдан 20 жыл бұрынғы біздің тарихымыз, соның ішінде ұлттық валюта –теңгемізді айналымға енгізудегі нақты оқиға.

Болат Ысқақов,
банк саласының ардагері,
Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button